Ишая
58 “Бар даусыңмен айғайла, өзіңді тежеме!
Даусың керней үніндей шықсын.
Халқыма бүлік шығарғанын+,
Жақып үйіне күнәға батқанын жарияла.
2 Олар әділдіктерінен таймаған,
Құдайларының әділ жолынан ауытқымаған халықтай,
Мені күн сайын іздегенсиді,
Жолдарымды білуді қалағансиды+.
Құдайларынан әділ үкім шығаруды өтініп,
Оған жақындауды қалағансып+:
3 —Біздің ораза ұстағанымызды неге көрмейсің+?
Жанымызды қинағанымызды неге байқамайсың+?— дейді.
Өйткені ораза ұстағандарыңда да өз мүдделеріңді ойладыңдар,
Жұмысшыларыңды қанадыңдар+.
4 Оразаларыңның аяғында жанжалдасып, төбелесесіңдер,
Қатыгездікпен жұдырық сілтейсіңдер.
Мұндай оразаларыңмен дауыстарың көкке жетеді деп ойламаңдар.
5 Маған ұнамды ораза осындай болу керек пе еді?
Бұл адам өз жанын қинап,
Басын құрақтай иіп,
Қара мата мен күлді төсек қылатын күн болу керек пе?
Осыны сендер ораза, Ехобаға ұнайтын күн дейсіңдер ме?
6 Жоқ, мен таңдаған ораза мынадай болу керек:
Зұлымдық бұғаулары үзілсін,
Мойынтұрық жіптері шешілсін+,
Қаналғандар босатылсын+,
Мойынтұрық атаулы талқандалсын.
7 Ашыққанға наныңнан бөліп бер+,
Үйсіз жүрген кедейді үйіңе кіргіз,
Жалаңаш жүрген адамды көрсең, киіндір+,
Жақыныңнан теріс айналма.
Әділдігің алдыңда бастап жүреді,
Ехобаның ұлылығы арт жағыңнан қорғайды+.
9 Сонда сен шақырсаң, Ехоба жауап береді.
Көмек сұрап жалбарынсаң, ол “Мен мұндамын!” дейді.
Араңнан мойынтұрықты құртсаң,
Саусағыңды шошайтып өзгені тілдеуді қойсаң+,
10 Өзің қалап тұрғанды аш адамға берсең+,
Бейшара жанды тойындырсаң,
Жарығың түнекте де жарқырап тұрады,
Түнің тал түстей жарық болады+.
11 Ехоба сені әрдайым жетелеп жүреді,
Тіпті қуаң жердің өзінде қажеттеріңді қамтамасыз етеді+,
Сүйектеріңе қуат сыйлайды.
Сен молынан суарылатын баққа+,
Ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласың.
12 Олар сен үшін ежелгі үйінділерді қайта салады+,
Сен ұрпақтан ұрпаққа қирап жатқан негіздерді қайта тұрғызасың+.
Сен дуалдардың жарықтарын жөндеуші+,
Бойында жұрт мекендейтін жолдарды жөндеуші ретінде танымал боласың.
13 Менің киелі күнімде өз мүддеңнен бас тартып, Демалыс күнімді берік ұстансаң+,
Демалыс күнін зор қуаныш күні, Ехобаның киелі күні, даңқталатын күн деп атап+,
Өз мүддеңді ойламай әрі бос сөзден аулақ болып, сол күнді даңқтасаң,
14 Зор қуанышты менен, Ехобадан, табасың,
Саған жердің биік қорғандарын бағындырамын+.
Бабаң Жақыптың мұрасынан дәм татқызамын+.
Мұны айтып отырған — Ехоба”.