Ишая
33 Ей, өзі әлі жойылмаған қырып-жоюшы+,
Өзіне әлі опасыздық жасалмаған опасыз, сен қасіретке қаласың!
Қырып-жойып біткеніңде, өзің де жойыласың+.
Опасыздық жасап біткеніңде, өзіңе де опасыздық жасалады.
4 Халқыңның олжасы обыр шегірткелер жалмағандай талан-таражға салынады;
Жұрт оған үйірлі шегірткедей лап қояды.
5 Ехоба асқақтайды,
Себебі заңғар көкте мекендейді.
Ол Сионда әділдік орнатады.
6 Құдай сенің заманыңда тұрақтылық сыйлайды,
Оның қазынасы*: зор құтқарылу+, даналық, білім және Ехобадан қорқу+.
7 Міне, олардың батырлары көшеде айқайлап жатыр,
Бітім жасасуға жіберілген хабаршылары зар илеп жатыр.
8 Даңғыл жолдар бос қалды,
Жолдарда ешқандай жолаушы жоқ.
Жау келісімді бұзды,
Қалаларды менсінбеді.
Ол ешкімді адам құрлы көрмейді+.
9 Ел зар илеп жоқтап жатыр*, әбден титықтады.
Ливан масқара болды+, құрып кетті.
Сарон құла түзге ұқсады,
Башан мен Кармил жапырақтарын тастады+.
11 Сендер қураған шөпке жүкті болып, дүниеге сабан әкелесіңдер.
Өз пиғылдарың от іспетті сендерді жалмап қояды+.
12 Халықтар күйдірілген әктастай болады.
Олар шауып тасталған тікендей, отқа жағылады+.
13 Ей, алыстағылар, менің не істейтінімді тыңдаңдар!
Ей, жақындағылар, менің құдіретімді мойындаңдар!
—Арамызда кім жалмайтын оттың жанында өмір сүре алады+?
Кім сөнбейтін оттың қасында өмір сүре алады?— дейді.
15 Мұны әділдік жолынан таймайтын+,
Туралықты айтатын+,
Арам пайдадан бас тартатын,
Пара алу үшін қолын созбайтын+,
Қантөгіс жайлы әңгімені тыңдамай, құлағын бітейтін,
Жаман нәрсені көрмеу үшін көзін жұматын адам істей алады.
16 Ол биік тауларда өмір сүреді,
Жартастағы қамалды өзіне пана етеді,
Ол жейтін нансыз қалмайды,
Ішетін суы еш сарқылмайды+”.
17 Сенің көздерің сән-салтанатқа кенелген патшаны,
Шалғайдағы елді көретін болады,
18 Сен бойыңда үрей тудырған жайтты еске алып:
“Хатшы қайда?
Алым төлейтін адам қайда+?
Мұнараларды санайтын адам қайда?”— дейсің.
20 Мейрамдарымызды тойлайтын Сион қаласына қарашы+!
Сен Иерусалимді, жайбарақаттық орнаған мекенді,
Ешқашан қозғалмайтын шатырды өз көзіңмен көресің+.
Оның қазықтары ешқашан суырылмайды,
Жіптерінің ешқайсысы үзілмейді.
21 Айбынды Құдай Ехоба біз үшін
Өзендері мен шалқар салалары бар өлке іспетті болады.
Ол жерден бірде-бір әскери кеме керуені де,
Ешқандай алып кемелер де жүзіп өтпейді.
Бізді құтқаратын — сол+.
23 Жау кемелерінің арқандары босап кетеді,
Діңгектерін де мықтап ұстай алмайды, желкендері де жайылмай қалады.
Сол кезде ағыл-тегіл олжа бөліске түседі;
Тіпті ақсақтар да мол үлес алады+.
24 Ешкім*: “Мен науқаспын”,— демейтін болады+.
Ел тұрғындарының күнәлары кешіріледі+.