Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.
61 Уа, Құдай, жанайқайымды ести көрші.
Айтқан дұғама ден қойшы+.
Мені биік жартасқа шығара көрші+.
3 Өйткені сен менің панамсың,
Жауымнан қорғайтын берік мұнарамсың+.
5 Уа, Құдайым, өйткені берген анттарымды естідің.
Есіміңді қастерлейтіндермен бірге маған үлес бердің+.
6 Сен патшаның өмір жасын ұзақ қыласың+;
Оның өмірі ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
7 Ол мәңгі бақи Құдай алдында патшалық құрады+.
Сен оған қорғаныш болатын айнымас сүйіспеншілік пен адалдық сыйлашы+.