Римдіктерге
6 Онда не демекпіз? Құдайдың рақымы молайсын деп күнә жасай берейік пе? 2 Әрине, жоқ! Біз күнә үшін өліміз+, онда қалайша күнә жасап өмір сүре бермекпіз+? 3 Жоқ әлде бәріміз Мәсіх Исамен бірлікте болу үшін шомылдыру рәсімінен өткенде+, мұны оның өліміне ортақтасу үшін істегенімізді білмейсіңдер ме+? 4 Сондықтан осы шомылдыру рәсімінен өту арқылы онымен бірге жерлендік+. Осылайша Әкенің даңқты құдіретімен Мәсіхтің қайта тірілгеніндей, біз де жаңаша өмір сүруіміз керек+. 5 Өйткені Мәсіх сияқты өлсек+, онда сол сияқты қайта тірілетініміз де сөзсіз, осылай онымен бірлікте боламыз+. 6 Біз мынаны білеміз: күнәкар тәніміз бізге билік етпеу үшін+ және бұдан былай күнәнің құлы болмауымыз үшін+, ескі болмысымыз Мәсіхпен бірге бағанаға ілінді+. 7 Себебі өлген адам күнәсінан арылады.
8 Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ, онымен бірге өмір сүретінімізге де сенеміз: 9 өлімнен қайта тірілген Мәсіхтің+ енді қайтып өлмейтінін+ және оған өлімнің билігі жүрмейтінін білеміз. 10 Өйткені ол күнәні құрту үшін бір рет өлді+, ал қазір Құдай үшін өмір сүруде. 11 Сендер де өздеріңді күнә үшін өлі, ал Мәсіх Иса арқылы Құдай үшін тіріміз деп санаңдар+.
12 Сондықтан тән құмарлығының жетегінде кетпеулерің үшін, ажалды тәндеріңе күнә патшалық етпесін+. 13 Тәндеріңді күнә жасау үшін әділетсіздіктің қаруы етуге арнамаңдар, қайта, өлі болып, енді тірілгендер ретінде, өздеріңді Құдайға арнап, тәндеріңді әділдіктің қаруы етіңдер+. 14 Күнә сендерге үстемдік етпесін, себебі сендер заңға емес+, Құдайдың рақымына бағыныштысыңдар+.
15 Олай болса, қандай қорытынды жасауымыз керек? Заңға емес, Құдайдың рақымына бағынышты болғандықтан+ күнә жасай берейік пе? Әрине, жоқ! 16 Сендер кімге құл сияқты мойынсұнсаңдар, соның құлы болатындарыңды білесіңдер ғой+. Сондықтан сендер не өлімге апаратын+ күнәнің+, не әділдікке жеткізетін мойынсұнушылықтың құлысыңдар. 17 Құдайға шүкір, бұрын сендер күнәнің құлы едіңдер, ал енді өздеріңе сеніп тапсырылған ілімге шын жүректен мойынсұндыңдар. 18 Иә, сендер күнәнің құлдығынан босатылып+, әділдіктің құлы болдыңдар+. 19 Тәндеріңнің әлсіз екенін ескеріп, бұны қарапайым сөздермен айтып отырмын. Кезінде дене мүшелеріңді арам істер мен заңсыздықтың құлы еткендерің іспетті, енді оларды қасиетті істерге арнау үшін әділдіктің құлы етіңдер+. 20 Себебі күнәнің құлдығында жүргенде, әділдіктің билігінде болмадыңдар.
21 Сол кездегі жемістерің қандай еді? Қазір өздерің ұялатын істер еді ғой, ал олардың нәтижесі — өлім+. 22 Алайда енді сендер күнәдан босап, Құдайдың құлы болдыңдар. Сондықтан жемістерің — қасиеттілік+, ал нәтижесі — мәңгілік өмір+. 23 Өйткені күнәнің беретіні — өлім+, ал Құдайдың сыйы — Иеміз Мәсіх Иса арқылы берілетін+ мәңгілік өмір+.