Нақыл сөздер
30 Жәкенің ұлы Ағұрдың Итиел мен Ұқалға айтқан ұлағатты сөздері.
2 Барлығынан да білімсізі менмін+,
Адамға тән түсінік те жоқ менде.
3 Даналыққа үйренген жоқпын,
Ең Киелі Құдайдың білімі де жоқ менде.
4 Кім көкке көтеріліп, жерге қайта түсіп еді+?
Кім желді қос уысында ұстап тұрып еді?
Кім суларды киіміне орап алып еді+?
Кім жердің шегін белгілеп еді+?
Оның есімі мен ұлының есімі кім? Білсең, айтшы.
7 Саған екі өтінішім бар,
Көзімнің тірісінде одан басқа қалауым жоқ.
8 Өтірік пен жалғандықты менен алшақтат+.
Кедейлік те, байлық та бере көрме,
Қажетті тамағымды ғана жегізе көр+.
Не кедей болып, ұрлық жасап,
Құдайымның есіміне кір келтірермін.
10 Қожайынының алдында қызметшісіне жала жаппа,
Әйтпесе ол сені қарғап, кінәлі болып шығарсың+.
11 Бір ұрпақ бар әкелерін қарғайтын,
Аналарын да сыйламайтын+.
13 Бір ұрпақ бар көздері сондай тәкаппар,
Жоғарыдан соншама паңданып қарайтын+.
14 Бір ұрпақ бар тістері семсердей,
Азулары мал соятын пышақтай.
Жалмайды олар жер бетіндегі мүсәпірлерді,
Адамзат ішіндегі бейшараларды+.
15 Сүліктің “Бер де бер!” деп айғайлайтын екі қызы бар.
Қанағатты білмейтін үш нәрсе,
“Жеткілікті!” демейтін төрт нәрсе бар:
17 Әкесін мазақ етіп, ал анасын менсінбейтіннің+ көзін
Аңғардың құзғындары шоқып алар,
Жас бүркіттер жеп қояр+.
19 Көкте самғаған бүркіттің жолы,
Жартаста өрмелеген жыланның жолы,
Ашық теңізде жүзген кеменің жолы,
Қыз көңілін тапқан еркектің жолы.
20 Азғын әйелдің жолы мынадай:
Ішіп-жеп алып, аузын сүртер,
Сөйтіп, ол: “Еш жамандық істемедім”,— дер+.
21 Жерді дірілдетер үш нәрсе,
Ол төзе алмайтын төрт нәрсе бар:
22 Құлдың патша боп билік еткені+,
Наданның асқа тойып жүргені,
23 Жексұрын әйелдің тұрмысқа шыққаны,
Күңнің өз ханымының орнын басқаны+.
29 Адымын кең басады мына үшеуі,
Маңғаздана жүреді мына төртеуі:
30 Арыстан аңдардың ең күштісі,
Ешкімнен қаймығып шегінбейді+.
31 Тазы және серке,
Сондай-ақ әскерін бастап жүретін патша.