Ишая
53 Бізден естігендеріне* кім сенді+?
Ехобаның құдіреті+ кімге паш етілді+?
Түр-тұрпатында ұлылық та, салтанаттылық та жоқ+,
Біз үшін оның келбеті тартымды емес.
Оның жүзі бізден жасырын болды*.
Жұрт оны менсінбеді, біз де адам құрлы көрмедік+.
4 Ол біздің ауруларымыз бен қасіретімізді өзіне алды+.
Ал біз оны Құдай жазалап, қинап, жапа шектіріп жатыр деп ойладық.
Ехоба бәріміздің күнәларымызды соған артты+.
7 Ол қысым көрді+, жапа шегуден де бас тартпады+.
Сөйтсе де ләм деп аузын ашпады.
Тоқты іспетті, сойылатын жерге апарылды+,
Қырқымшының алдындағы қой іспетті тіс жармады,
Ләм деп аузын ашпады+.
8 Ол қысым көрді, әділетсіз сотталып, әкетілді.
Оның ататегін кім сұрастырады?
Өйткені ол тірілердің жерінен аластатылды+.
Менің халқымның күнәсі үшін өлімге қиылды+.
10 Бірақ ол Ехобаның еркі бойынша қасірет шегіп, ауруға шалдықты.
Оның жанын айып құрбандығы ретінде ұсынсаң+,
Ол өзінің ұрпағын көреді, оның өмірін ұзартады+;
Сол арқылы Ехобаның еркі жүзеге асады+.
11 Ол жан азабының жемісін көріп, қанағаттанады.
Білімінің арқасында осы әділ жан, менің қызметшім+,
Көп адамның әділ деп саналуына септігін тигізеді+,
Солардың күнәларын өз мойнына алады+.
12 Сол себепті мен оған көпшілік арасынан үлес беремін,
Ол мықтылармен бірге олжа бөліседі.