Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. “Лалагүлдер” әуенімен айтуға арналған Дәуіттің жыры.
69 Құтқара көр, уа, Құдайым, өйткені судың көтерілгені сонша — жанымды жұтып қоюға шақ тұр+.
3 Көмекке шақыра-шақыра өзегім талды+;
Даусым да қарлығып қалды.
Құдайымды күтуден көзім талды+.
4 Мені себепсіз жек көретіндер+
Басымдағы шашымнан да көп болып кетті.
Көзімді құртқысы келетіндердің,
Зымиян дұшпандарымның*, саны көбейді.
Ұрламаған затымды беруге мәжбүр етті.
5 Уа, Құдайым, ақымақтық жасағаным өзіңе аян,
Кінәлі екенім де саған құпия емес.
6 Уа, Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба,
Саған үміт артатындар маған бола ұятқа қалмаса екен.
Уа, Исраил Құдайы,
Сені іздейтіндер маған бола масқара болмаса екен.
10 Ораза ұстап өзімді кіші тұтқанымда*,
Сол үшін мазақ болдым.
11 Үстіме азалы киім кигенімде,
Олар мені аяусыз мысқылдады*.
12 Қақпа алдында отыратындар мені әңгіме қылады,
Ішкіштер мен жайлы ән айтады.
13 Бірақ өзіңе айтқан дұғам ықыласыңды түсіретін кезде жетсе екен, уа, Ехоба+.
Айнымас сүйіспеншілігің мол болғандықтан, уа, Құдай, жауап берші,
Нағыз құтқарушы екеніңді паш етші+.
14 Мибатпақтан құтқаршы,
Батып кетуіме жол бермеші.
Мені жек көретін адамдардан құтқаршы,
Терең судан сақташы+.
15 Екпінді тасқын су мені ағызып әкетпесінші+,
Тұңғиық жұтып қоймасыншы,
Ордың аузы үстімнен жабылып қалмасыншы+.
16 Жауап берші, уа, Ехоба, өйткені сенің айнымас сүйіспеншілігің ізгі+.
Тездетіп жауап берші, өйткені мен бақытсыздыққа ұшырадым+.
18 Жақындап келіп, мені құтқаршы,
Жауларым үшін құнымды өтеп алшы.
19 Сен менің қорлық көргенімді, абыройым төгіліп, масқара болғанымды білесің+.
Жауларымның бәрі көз алдыңда.
20 Қорлық сөздер жүрегімді күйретті, жаныма айықпас жара түсірді.
22 Олардың дастарқандары өздеріне тұзақ,
Ал молшылықтары тор болсын+.
23 Көздері тұманданып, көрмей қалсын,
Тұла бойлары қалшылдап тұратын болсын.
24 Оларға қаһарыңды төкші,
Олар сенің ызғарлы ашуыңа іліксінші+.
26 Өйткені олар сенен соққы алған адамды қудалап жатыр,
Өзің жаралағандардың қасіретін сөз етуді қоймай жатыр.
27 Кінәларына кінә қосшы,
Оларды әділетсіз деп санашы.
29 Ал мен бейшарамын, азап шегудемін+;
Уа, Құдайым, құтқарушы қолыңмен мені қорғашы.
30 Мен Құдайдың есімін дәріптеп ән саламын,
Алғысымды білдіріп, оны мадақтаймын.
31 Ехобаға бұл құрбандыққа шалынған бұқалардан да ұнамды,
Мүйізі мен тұяғы бар жас бұқадан да жағымды+.
32 Момындар мұны көріп, қуанады.
Құдайға қызмет ететіндер, лайым жүректерің нығайсын!
35 Құдай Сионды аман сақтайды+,
Яһуданың қалаларын қайта тұрғызады.
Халқы сол жерге орнығып, оған ие болады.