ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ
Құшағы кең Испания
ИСПАНИЯ — көркі жағынан да, халқы жағынан да сан қилы ел. Бұл елдің басым бөлігі бидай мен жүзім алқаптарын жамылған. Зәйтүн ағаштары да көптеп кездеседі. Испанияны оңтүстікте жатқан Африка құрлығынан небәрі 14 шақырым су ғана бөліп жатыр.
Оңтүстік-батыс Еуропаның осы бір бұрышын алып жатқан Испанияға кезінде финикиялықтар, гректер мен карфагендіктер, сондай-ақ басқа да ұлттар қоныстана бастаған. Б. з.б. III ғасырда бұл жерді римдіктер басып алып, оған Хиспания деген атау берді. Кейіннен бұл жерге вестгот пен мавр тайпалары өктемдік етіп, өз әдет-ғұрыптарын енгізді.
2015 жылы 68 миллионнан астам мейман Испанияны тамашалап қайтты. Олардың көбісі күн нұрына шомылу, алтын құм жамылған жағалауларын көру, елдің сәулет, өнер және тарихи қазыналарымен танысу үшін келді. Қонақтардың көбісін баурап алатын нәрсе — испан дастарқаны. Дастарқанға негізінен теңіз тағамдары, шошқаның сүрленген еті, көже, салаттар және зәйтүн майы қосылған не сол майға пісірілген көкөністер қойылады. Испанияның омлет, паэлья, тапас деген тағамдары да әлемге әйгілі.
Испандықтар — ашық-жарқын, кең құшақ халық. Халықтың көбі өздерін католик есептегенмен, діни мессаға баратындар көп емес. Соңғы жылдары Африка, Азия мен Латын Америка елдерінен қоныс аударып келушілер көбейді. Олар өздерінің діни ілімдері мен әдет-ғұрыптары жайлы сөйлескенді ұнатады. Ехоба куәгерлері олармен жақсы әңгіме құрып, Киелі кітаптағы көптеген шындықтарды білуге көмектесіп жүр.
2015 жылдың ішінде 10 500-ден аса ерікті Ехоба куәгері Патшалық сарайы деп аталатын 70 ғибадат орнын соғып, кейбірін жөндеу жұмыстарынан өткізген. Осындай жобалардың кейбірін іске асыру үшін қала әкімшіліктері жер бөліп берді. Иммигранттарға діни ағарту ісінде көмектесу үшін Ехоба куәгерлері испан тілінен бөлек 30-дан аса тілде кездесулерін өткізді. 2016 жылы 186 000-нан астам адам Иса Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне қатысты.