СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ
Стрестің себепшілері
“Көп адам стрестерінің барған сайын көбейіп жатқанын байқаған. Бұған себеп — қазіргі өмірдің тұрақсыздығы мен белгісіздігі”,— дейді әйгілі Майо клиникасы (АҚШ). Күйзеліске ұшырататын өзгерістер мен белгісіздікке мына факторлар себепші болып жатады:
ажырасу
жақын адамның қазасы
ауыр дерт
жазатайым оқиғалар
қылмыс
қарбалас өмір
табиғи немесе адам қолымен жасалған апаттар
мектептегі не жұмыстағы қысым
жұмыс пен қаржының уайымы