84-ән
“Қалаймын”
1. Адамның бәрін шын сүйген
Құдай Ұлы келді көктен.
Сеуіп шындық дәнін, өмірдің мәнін
Ашты жүргенде ол көппен.
Үмітін жалғап әлсіздің,
Жазды ауруын сан жүздің.
Даяр болды ісіне Құдайдың,
Деп шын жүректен: “Қалаймын”.
2. Адал да ақылды құлды
Ехоба беріп, қамдады.
Уағыздап бірлесе, иық тіресе
Жүрміз шақырып момынды.
Жесір мен жетімді қолдап,
Сүйейік, қуаныш сыйлап.
Қол ұшын берейікші әрдайым,
Деп шын жүректен: “Қалаймын”.
(Жох. 18:37; Ефес. 3:19; Філіп. 2:7 қараңыз.)