23-ән
Ехоба біздің тірегіміз
1. Ехоба, нық тұрған тірегіміз,
Құтқарушы өзің болшы дейміз.
Куәгерің боп ізгі хабарды
Жеткіземіз тыңдамасын, мейлі.
Қайырмасы:
Ехоба, біздің нық Қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
2. Қызмет етіп, нұрыңда жүреміз,
Шындық жолын ап-анық көреміз.
Сөзің арқылы еркіңді ұғып,
Билігіңді жақтауды ұйғардық.
Қайырмасы:
Ехоба, біздің нық Қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
3. Орындаймыз қуана еркіңді,
Шайтан соққы берсе де серпінді.
Мерт қыла алса да ол, уа, Құдайым,
Берік тұрамыз соңына дейін.
Қайырмасы:
Ехоба, біздің нық Қорғанымыз,
Сені қашанда мадақтаймыз.
Құдіреті зор Ехоба Құдай,
Панамызсың бұзылмас қамалдай.
(Сам. 2-ж. 22:3; Зәб. 18:2; Ишая 43:12 қараңыз.)