ЕКІНШІ БӨЛІМ
“Ғибадатханамды... арамдадың”. Таза ғибадаттың арамдалуы
ОЙБАҒДАР: Яһуда мен Иерусалим халқының рухани және моральдық жағынан құлдырауы
Ехоба Исраил халқын “бағалы меншігім” деп жақсы көріп, оларға қамқор болды (Мұс. 2-ж. 19:5, сілт.). Бірақ олар Ехобаның есімі киелі тұтылатын ғибадатханада жалған тәңірлерге табынып кетті! Осылай Ехобаның жүрегін ауыртып, оны қатты ренжітті. Исраилдің осыншалықты құлдырауына не себеп болды? Иерусалимнің күйрейтіні жайында Езекиел айтқан пайғамбарлықтың бізге қандай қатысы бар? Исраил мен оның айналасындағы халықтардан қандай сабақ аламыз?