Кітап олардың неке жүзіктерін қайта тағуларына көмектесті
БІР ЕР кісі өзінің қолын көрсетіп, Ехоба Куәгерінен: «Менің саусақтарыма қараңызшы. Ештеме байқап тұрған жоқсыз ба?» — деп сұрады. Ехоба Куәгері оның қолына қарады да, неке жүзігінің орнын бірден байқады. Ол әйелі екеуі бұдан былай бірге тұра алмайтын болғандықтан, ажырасуды шешкендерін түсіндірді. «Олай етпеңдер! Мына кітапты алып, оқып шығыңдар. Бұл кітап некелеріңді сақтап қалуға көмектеседі»,— деді Ехоба Куәгері. Сөйтіп ол оған «Мәңгілік өмірге алып баратын білім» кітабының бір данасын ұсындыa.
Біраз күн өткен соң ер кісі Ехоба Куәгеріне қайта оралды. Оның жүзінен қуаныш лебі есіп тұрды. Ол өзінің қолын көрсетті. Бұл жолы неке жүзігі орнында еді. Ол әйелімен бірге «Білім» кітабын оқып шыққандарын, енді өте бақытты екендіктерін айтты. Кітап олардың неке жүзіктерін қайта тағуларына көмектесті.
Киелі кітапта жазылған кеңестер ерлі-зайыптылардың бір-біріне нағыз сүйіспеншілік көрсетулеріне көмектеседі, өйткені оның авторы Жаратушымыздың өзі. Жаратушымыз былай дейді: «Мен Тәңірмін, сені пайдалы нәрселерге үйретуші, дұрыс жолмен жетелеуші Құдайыңмын» (Ишая 48:17).
[Сілтеме]
a Күзет Мұнарасы Қоғамы басып шығарған.