Оқырман сауалдары
Қолостықтарға 1:16-да Құдай Ұлы туралы: “Барлығы сол арқылы және сол үшін жаратылды”,— делінген. Қай мағынада барлығы Иса “үшін” жаратылған?
▪ Ехоба жаратылыс атаулыны, яғни Исадан басқаның барлығын жаратқанда, жалғыз Ұлын шебер көмекшісі ретінде қолданды (Нақ. с. 8:27—30; Жох. 1:3). Әрине, бұл Ұлына көп қуаныш әкелді. Осы мағынада барлығы “сол үшін” жаратылған.
Ата-аналар ұл-қыздарының қызығын көруге үміттенеді әрі жиі солай болады да. Киелі кітапта былай делінген: “[Балаң] жаныңды тыншытып, шаттыққа кенелтер” (Нақ. с. 3:12; 29:17). Сол сияқты Исраил де адал болғанда, Ехоба қатты “қуанған” (Заб. 44:3 ЖД; 118:108; 146:11). Біздің күніміздегі қызметшілерінің адалдық танытқаны да оны зор шаттыққа бөлейді (Нақ. с. 12:22; Евр. 10:38).
Құдайдың шебер көмекшісі Исаға өз бейнетінің зейнетін көріп қуануға мүмкіндік бергені де өте орынды болды. Құдай Ұлы: “Жаратқанның әлемінде көңілдендім, Адамзатқа да шат-шадыман болдым”,— деген (Нақ. с. 8:31). Міне, осы мағынада Қолостықтарға 1:16-да: “Барлығы сол арқылы және сол үшін жаратылды”,— делінген.