“Бұл, шынында да, Құдайдың ең қасиетті де ұлы есімі”
Николай Кузанский бұл сөздерді 1430 жылы өзінің уағызында айтқан болатынa. Бұл кісі көп нәрсемен әуестенген. Мысалы, ол грек, еврей тілдерін зерттеген, сондай-ақ пәлсапа, теология, математика және астрономиямен шұғылданған. Ол 22 жасында Рим католик шіркеуінің заңдарының докторы болды. Ал 1448 жылы кардинал болып тағайындалды.
Шамамен 550 жыл бұрын Николай Кузанский Германиядағы Бонн қаласының оңтүстігіндегі 130 шақырым қашықтықта орналасқан Куза қаласында қарттар үйінің негізін қалады. Бұл қала бүгінде Бернкастель-Кус деп аталады. Осы үйдегі Кузанскийдің кітапханасында 300-ден астам қолжазба сақталған. Солардың арасындағы 220-шы Кузанский кодексі деп аталатын қолжазбада оның 1430 жылы айтқан уағызы жазылған. “Әуел баста сөз болатын” (In principio erat verbum) деп аталатын бұл уағызда ол Ехоба есімінің Iehoua (Иехоуа) деген латынша дыбысталуын қолданғанb. Қолжазбаның 56-бетінде Құдай есіміне қатысты былай айтылған: “Құдай өзіне осы есімді берген. Бұл — тетраграмматон, яғни төрт әріптен тұратын есім... Бұл, шынында да, Құдайдың ең қасиетті де ұлы есімі”. Николай Кузанскийдің сөздері Еврей жазбаларының түпнұсқасында Құдайдың есімінің кездесетінін дәлелдейді (Мыс. ш. 6:3 ЖД).
15-ғасырдың басында шыққан бұл кодекс тетраграмматон “Иехоуа” деп берілген ең көне құжаттардың бірі болып табылады. Осы қолжазба ғасырлар бойы Құдай есімі көбінше “Ехоба” деген есімге ұқсас етіп беріліп келгенінің тағы бір дәлелі болып табылады.
[Сілтемелер]
a Куза — Германиядағы Николай Кузанский (Кребс) туылған қала.
b Бұл уағыз Үштік ілімін растау үшін айтылған еді.
[16-беттегі сурет]
Кузанскийдің кітапханасы