Біз қызметтен демалыс алуды ойламаймыз
1. Бірінші ғасырдағы жариялаушылардың қызметтен демалу жайлы ойламағанын қайдан білеміз?
1 Бірінші ғасырдағы құлшынысты жариялаушылар адам бар жердің бәрінде тәлім беріп, ізгі хабарды уағыздауды доғармаған (Ел. іс. 5:42). Олар үйден-үйге жүріп куәлік бергенде, көшеде кездестірген адамдарға да уағыздағаны шүбәсіз. Иә, олардың мұндай адамдардың жандарынан жай өтіп кете салғанын елестету қиын. Бұл мәсіхшілердің қызметтен кейін базар аралап жүргенде де бейресми куәлік етудің мүмкіндіктерін жібермегені анық. Олар Исаға еліктеп, қызметтен демалу жайлы ешқашан ойламаған (Мар. 6:31—34).
2. Ехоба куәгерлері деген атымызға қалай сай бола аламыз?
2 Әрқашан дайын бол. Біздің Ехоба куәгерлері деген атымыз қандай іс атқаратынымызды ғана емес, кім екенімізді де көрсетеді (Ишая 43:10—12 ЖД). Сондықтан біз үмітімізді қорғап сөйлеуге әрдайым, тіпті үйден-үйге уағыздауға шықпаған кездері де, дайын жүреміз (Пет. 1-х. 3:15). Бейресми куәлік берудің мүмкіндіктері жайлы ойланып, сол кездері не айтуыңа болатынын алдын ала ойластырасың ба? Өзіңмен бірге қызығушылық танытқандарға ұсынатын әдебиеттерді алып жүресің бе? (Нақ. с. 21:5). Тек үйден-үйге жүріп уағыздайсың ба, жоқ әлде мүмкін болған жердің бәрінде ізгі хабарды жариялайсың ба?
3. Неге ел алдында куәлік ету үйме-үй жүру сияқты маңызды?
3 “Ел алдында” куәлік ету. Елші Пауыл “ел алдында” және үйден-үйге жүріп уағыздағанын айтқан (Ел. іс. 20:20). Демек көшеде, көлік қоятын орындарда, саябақтарда, іскерлер аумағында және т. б. жерлерде уағыздауды “ел алдында куәлік ету” деп те атауға болады. Әрине, үйден-үйге уағыздау адамдарға Патшалық хабарын жеткізудің негізгі әрі ең тиімді жолы болып қала бермек. Алайда бірінші ғасырдағы уағыздаушылар бар назарларын үйлерге емес, адамдарға аударған. Олар шындықты жариялаудың әрбір мүмкіндігін пайдаланып, ел алдында, бейресми және үйме-үй жүріп уағыздаған. Қызметімізді толықтай атқару үшін біз де дәл осындай көзқарас таныталық (Тім. 2-х. 4:5).