МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Жер “өзенді жұтып қойды”
Тарих барысындағы түрлі кезеңде билік өкілдері Ехобаның халқына жәрдемдесіп келген (Езр 6:1—12; Ест 8:10—13). Тіпті қазіргі уақытта да “жер” — осы дүниедегі есті әрі ықпалды адамдар мен топтар — “айдаһар” Шайтан Ібілістің түрткісімен болып жатқан қуғын-сүргінді, яғни “өзенді” жұтқанын көріп жүрміз (Аян 12:16). Кейде “Құтқарушы Құдай” Ехоба билік басындағыларға оның халқына көмектесуге қозғау салуы мүмкін (Зб 68:20; Н.с 21:1).
Егер сіз сеніміңіз үшін түрмеге жабылсаңыз ше? Ехоба сізді көзінен таса қылмайтынына еш күмәнданбаңыз (М1ж 39:21—23; Зб 105:17—20). Сеніміңіздің жарылқанатынына және мінсіздігіңіз дүниежүзіндегі бауырластарды жігерлендіретініне сенімді болыңыз (Фп 1:12—14; Аян 2:10).
“КОРЕЯДАҒЫ БАУЫРЛАСТАРДЫҢ ТҮРМЕДЕН БОСАТЫЛУЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
Оңтүстік Кореядағы ер бауырластар неліктен жылдар бойы түрмеге жабылып келді?
Билік басындағылардың қандай шешімдері кейбір ер бауырластардың мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына септігін тигізді?
Сенімі үшін түрмеде отырған жер-жердегі бауырластарға қалай көмектесе аламыз?
Қазір бізде бар бостандықты қалай қолданғанымыз жөн?
Соттағы жеңістеріміз түптеп келгенде кімнің арқасы?