ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ
Негізгі ойларды еске түсіріңіз
Жаңа ғана оқыған ойларыңызды есіңізге түсіре алмай қалатын кездеріңіз бола ма? Бәрімізде де болып жатады. Мұндайда не істеу керек? Негізгі ойларды қайталап, еске түсіріп шыққан дұрыс.
Оқып-зерттеп жатқанда, тоқтап, негізгі ойларды байқауға тырысыңыз. Елші Пауыл хатын оқитын бауырластарын осылай етуге шақырған. Ол: “Айтып жатқандарымыздың мәні мынада”,— деп жазған (Евр. 8:1). Осы сөздерімен Пауыл тыңдаушыларына айтып жатқан сөздерінің мәнін түсінуге және айтқан ойларының бір-бірімен байланысын көруге көмектескен.
Зерттеп болған соң, 10 минуттай уақыт бөліп, негізгі ойларды еске түсіріп, ой жүгіртсеңіз болады. Егер есіңізге түсіре алмасаңыз, тақырыпшаларды не негізгі сөйлемдерді (көбінесе бұл әр абзацтың бірінші сөйлемі болады) қарап шығыңыз. Жаңа нәрсе білсеңіз, оны өз сөзіңізбен айтып көріңіз. Негізгі ойларды қайталағанда, есте сақтау қабілетін жақсартып қана қоймай, оқығаныңызды өмірде қалай қолдануды да анығырақ көресіз.