8-бөлім
Құдайдың ниеті орындалатын уақыт жақын
1, 2. Қайғы-қасіретті жою үшін Құдай қандай қам жасады?
БҮЛІКШІ адамдар мен жындардың басшылығы бүкіл адамзатты кері тартуымен көптеген ғасырлар өтті. Бірақ Құдай біздің қайғы-қасіретімізді көріп, қол қусырып отырмады. Ол осыншама уақыт бойы адамдарды зұлымдық пен қайғы-қасіреттің қысымынан босатуға дайындықтар жасап келді.
2 Құдай Едемде болған бүліктен кейін, жер жүзін адамдар өмір сүретін жұмаққа айналдыратын үкімет құру ниетін аша бастады (Жаратылыс 3:15). Кейінірек, Құдайдың басты өкілі ретінде Иса да осы болашақтағы Құдайдың үкіметін Өз ілімінің негізгі тақырыбы етті. Ол бұл үкіметтің адамзат үшін жалғыз үміт екендігін айтты (Даниел 2:44; Матай 6:9, 10; 12:21).
3. Иса жерге басшылық ететін үкіметті қалай атады және неге?
3 Бұл үкімет аспаннан билік жүргізетіндіктен, Иса оны «Аспан Патшалығы» деп атады (Матай 4:17). Сондай-ақ, оның Авторы Құдай болғандықтан, «Құдай Патшалығы» деп те атады (Лұқа 17:20). Құдай өзінің хатшыларын ғасырлар бойы рухымен жетелей отырып, осы үкіметтің құрамына кім кіретіні туралы және оның жүзеге асыратын нәрселері туралы жаздырып отырды.
Жердің жаңа патшасы
4, 5. Құдай өзінің таңдап алған патшасы Иса екендігін қалай көрсетті?
4 Шамамен екі мың жыл бұрын Құдай Патшалығының Патшасына қатысты айтылған пайғамбарлықтардың көпшілігі Исаға ғана байланысты орындалды. Иса, Құдай таңдаған адамзатқа басшылық ететін аспан үкіметінің Әкімі болып шықты. Өлгеннен кейін Исаны Құдай аспанда өмір сүру үшін құдіретті де мәңгі өлмес рухани жаратылыс етіп қайта тірілтті. Көп адамдар оның қайта тірілуінің куәсі болды (Елшілердің істері 4:10; 9:1—9; Римдіктерге 1:1—4; 1 Қорынттықтарға 15:3—8).
5 Сонан соң Иса «Құдайдың оң жағына отырды» (Еврейлерге 10:12). Онда ол аспандағы Құдай Патшалығының Патшасы ретінде әрекет етуге Құдай рұқсат беретін уақытты күтті. Осылайша Забур 109:1-дегі «Мен жауларыңды аяғыңның астына жығып бергенше, Менің оң жағымда отыр» деп айтқан Құдайдың пайғамбарлығы орындалды.
6. Иса, Құдай Патшалығының Патшасына қойылатын талаптарға сай келетінін қалай көрсетті?
6 Иса жерде өмір сүрген кезінде, осындай жағдайға ие болатындай талаптарға сай келетінін көрсетті. Және қуғынға ұшырағанына қарамай, Құдай алдында адалдық сақтауды таңдады. Бұл ісімен Иса, сынақ кезінде ешбір адам Құдайға адал болмайды деген Шайтанның сөздері өтірік екенін көрсетті. Кемелді адам немесе «Соңғы Адам» болған Иса, Құдай адамдарды кемелді етіп жаратуымен қателеспегенін көрсетті (1 Қорынттықтарға 15:22, 45; Матай 4:1—11).
7, 8. Иса жерде қандай игі істер жасады, және онысымен нені көрсетті?
7 Қандай үкімет басшысы Исаның бірнеше жылғы қызметінде істеген ісіне татырлық жақсылық көрсетті? Иса Құдай берген киелі рухтың көмегімен ауруларды, жарымжандарды, зағиптарды, саңыраулар мен мылқауларды емдеді. Ол тіпті өлгендерді қайта тірілтті! Бұның бәрі Оның патшалық билігіне келгенде адамзат үшін кең көлемде істейтін ісін шағын көлемде көрсеткен мысалы еді (Матай 15:30, 31; Лұқа 7:11—16).
8 Жерде болғанда Иса сонша көп игі істер істегендіктен, шәкірті Жохан: «Исаның істеп кеткен көптеген басқа да істері бар. Олар туралы толықтай жазса, жазылуға тиісті кітаптар, менің ойымша, бұл әлемге сыймас та еді»,— деді (Жохан 21:25)a.
9. Ақ ниетті адамдар неге Исаға ағылып келіп жатты?
9 Иса, адамдарды өте жақсы көрген, сондықтан мейірімді де жанашыр болған. Кедейлер мен жапа шеккендерге көмектескенімен, байлар мен ақсүйектерге оның қастық ойы болған емес. Исаның: «Шаршап шалдыққандар, ауыртпалық басқандар, бәрің де Маған келіңдер! Мен сендерді рақаттандырамын. Мойынтұрғымды киіп алып, Менен үйреніңдер; Мен момын және кіші пейілмін. Сөйтіп, жандарыңа тыныштық табасыңдар. Мойынтұрғым ыңғайлы, ауыртпалығым жеңіл ғой»,— деген сүйіспеншілікке толы шақыруын ақ ниетті адамдар қабыл алды (Матай 11:28—30). Құдайға құлшылық ететін адамдар оған ағылып келіп жатты, әрі оның билік ететін уақытын қуана күтті (Жохан 12:19).
Бірге патшалық ететіндер
10, 11. Исамен бірге жерге кімдер билік жүргізеді?
10 Құдайдың аспандағы Патшалығы, қызметтестері бар адамдардың әкімшілігіне ұқсайды. Исамен бірге басқалар жерге билік жүргізетін болады. Өйткені Иса өзінің қасында жүріп тығыз байланыста болғандарға өзімен бірге адамзаттың үстінен билік ететін патшалар болатындықтарын уәде еткен еді (Жохан 14:2, 3; Аян 5:10; 20:6).
11 Демек, Исамен бірге аспанда өмір сүру үшін саны шектеулі адамдар қайта тіріледі. Олар адамзатқа мәңгі баталар жаудыратын Құдай Патшалығының құрамына кіреді (2 Қорынттықтарға 4:14; Аян 14:1—3). Осылайша Ехоба, ғасырлар бойы адамзат отбасын мәңгі игіліктерге жеткізетін осы үкіметтің негізін қалаған.
Тәуелсіз басшылықтың соңы
12, 13. Құдай Патшалығы қазір қандай әрекетке дайын?
12 Жерге байланысты жағдайларға Құдай тікелей осы ғасырда араласты. Осы кітапшаның 9-бөлімінде талқыланатын Киелі кітаптың пайғамбарлықтарынан, 1914 жылы Иса басқарған Құдай Патшалығы орнатылғанын және Шайтанның бүкіл дүниесін жоюға әзір тұрғанын көреміз. Қазір бұл Патшалық «[Мәсіхтің] жауларының арасында билік жүргізуде» (Забур 109:2).
13 Бұл жөнінде Даниел 2:44-тегі пайғамбарлықта былай делінген: «Сол [біздің уақытымыздағы] патшалықтардың күнінде, Көктің Құдайы мәңгілік құламайтын [аспанда] патшалық орнатады, бұл патшалық басқа халыққа берілмейді [адамзаттың басқаруына ешқашан жол берілмейді]; ол барлық патшалықты қиратады әрі талқандайды да, өзі мәңгі тұратын болады».
14. Адамзаттың басшылығы жойылған соң, қандай баталарға жол ашылады?
14 Құдайға тәуелсіз барлық үкіметтер жойылған соң, жер бетіндегі билік тек Құдай Патшалығында болады. Патшалық аспаннан басшылық ететін болғандықтан, адамдар бұл патшалықты ешқашан бұза алмайды. Негізгі басшылық бастапқыда болғандай Құдайдың өзінде, аспанда болады. Құдай орнатқан үкімет бүкіл жерді бақылап отыратындықтан, жалған діндер немесе адамның пайдасыз пәлсапалығы мен саяси теориялары енді ешкімді адастырмайтын болады. Бұның бәрі мүлдем жоқ болады (Матай 7:15—23; Аян 17—19 тараулар).
[Сілтемелер]
a Исаның өмірімен толық танысу үшін, Күзет Мұнарасы Қоғамының 1991 жылы басып шығарған «Ең ұлы адам» кітабын қара.
[18-беттегі сурет]
Иса жерде болған кезінде ауруларды емдеп, өлгендерді қайта тірілтіп, жаңа дүниеде істейтін істерін көрсетті.
[19-беттегі сурет]
Құдай орнатқан Аспан Патшалығы Құдайдан тәуелсіз басшылықтың барлық түрін жояды.