4-сабақ
Ібіліс деген кім?
Шайтан Ібіліс қайдан шықты? (1, 2)
Шайтан адамдарды қалай алдайды? (3—7)
Неге біз Ібіліске қарсылық көрсетуіміз керек? (7)
1. «Ібіліс» деген сөз, біреу туралы қастықпен өтірік айтушыны білдіреді. «Шайтан» деген «дұшпан» немесе «қарсылас» дегенді білдіреді. Құдайдың бас дұшпаны осындай аттарға ие болып жүр. Әуел баста ол Құдаймен бірге аспанда өмір сүрген кемелді періште еді. Бірақ кейінірек өзі туралы тым көп ойлай бастады да, құқықты түрде Құдайға тиісті мінажатты ол өзіне қалады (Матай 4:8—10).
2. Осы періште, Шайтан, Хауамен жылан арқылы сөйлей бастады. Оған өтірік айтып, ол Құдайды тыңдамауға түрткі болды. Осылай Шайтан, Құдай Тағаланың дәрежесін немесе Құдайдың «билігі» делінгенді, қастық сынға салды. Шайтан Құдайдың дұрыс билік жүргізіп және Өзінің қол астындағыларының мүддесін ескеріп жатқандығына күмән келтірді. Шайтан тағы да, Құдайға шексіз берілгендігін бір адам болса да сақтап қалады ма деген дау көтерді. Өзінің осындай қылығымен, Шайтан Құдайдың жауына айналды. Міне сол себептен ол Шайтан Ібіліс деп аталатын болды (Жаратылыс 3:1—5; Аюп 1:8—11; Аян 12:9).
3. Өзіне табындыру үшін, Шайтан адамдарды алдауға тырысуда (2 Қорынттықтарға 11:3, 14). Оның адамдарды алдайтын әдістерінің бірі — жалған дін. Егер дін Құдай туралы жалған ілімге оқытып жатса, онда ол Шайтанның мақсатына қызмет еткені (Жохан 8:44). Жалған діннің жолын ұстаушылар шын көңілден ақиқат Құдайға бас иіп жүрміз деп ойлаулары мүмкін. Бірақ шын мәнінде олар Шайтанға қызмет етуде. Ол «осы дүниенің құдайы» (2 Қорынттықтарға 4:4).
4. Адамдарды өз билігіне бағындырудағы Шайтанның келесі әдісі — спиритизм. Өздерін қорғасын, басқа адамдарға зиян келтірсін, болашақты болжасын және кереметтер жасасын деп адамдар рухтарды шақырады. Бұндай әрекеттердің бәрінің артында тұрған зұлым күш — Шайтан. Құдайға жағу үшін, біз спиритизммен ешқандай байланыста болмауымыз керек (Заңды қайталау 18:10—12; Елшілердің істері 19:18, 19).
5. Одан басқа, Шайтан адамдарда барып тұрған ұлттық көкірекшілдікті және саяси ұйымдарға бас июді қоздыру арқылы алдайды. Кейде адамдар өзінің ұлтын немесе нәсілін басқалардан артық деп санайды. Бірақ бұл олай емес (Елшілердің істері 10:34, 35). Адамзаттың қиыншылықтарын саяси ұйымдар шешіп береді деген де ойлар бар. Осыған кәміл сенетін адамдар Құдай Патшалығын қабыл алмайды. Әйтсе де адамзатты қиыншылықтардан құтқаратын тек Құдай Патшалығы (Даниел 2:44).
6. Шайтанның адамдарды алдайтын тағы да бір әдісі — оларды күнәкар кұмарлықтарымен азғыру. Ехоба бұл күнәкар әдет-қылықтар зиян әкелетінін білгендіктен, олардан құтылуға әмір етеді (Ғалаттықтарға 6:7, 8). Кейбір күнә жасауға әдеттеніп қалған адамдар, солар сияқты істеп, сіздің де оларға қосылғаныңызды қалайтын шығар. Бірақ есіңізде болсын, шын мәнінде осыны сізден қалайтын Шайтан (1 Қорынттықтарға 6:9, 10; 15:33).
7. Ехобадан алыстап кетуге мәжбүр ету үшін, Шайтан қудалау мен қарсылық көрсетуді қолдануы мүмкін. Киелі кітапты оқып жүргеніңізге жақын туыстарыңыздың бірі қатты ашулануы мүмкін. Басқалары сізді келеке етіп күлуі де ықтимал. Бірақ сіз өміріңіз үшін кімге борыштысыз? Ехоба туралы білуді доғарсын деп сізді Шайтан қорқытқысы келеді. Шайтанның үстем болуына жол бермеңіз! (Матай 10:34—39; 1 Петір 5:8, 9). Шайтанға қарсылық көрсетуіңіз арқылы, сіз Ехобаға қуаныш әкелесіз және Оның билігі жағында екендігіңізді көрсетесіз (Нақыл сөздер 27:11).
[9-беттегі суреттер]
Адамдарды адастыратын жалған дін, спиритизм және ұлтшылдық.
[9-беттегі сурет]
Ехоба туралы білуді жалғастыра отырып, Шайтанға қарсылық көрсетіңіз.