86-ән
Ехобаға адал әйелдер
1. Сара, Естер, Рут, Мәриям мен Ханна
Жар болған ақылды, бәрі мақтаулы.
Жазбаларда есімдері сақтаулы.
Адалдық әрбірін тартымды еткен.
Аз емес әйелдер сенімі зор
Әр кез дұғаларын Құдай қабыл еткен.
2. Сүйіспеншілік, батылдық, ізгілік,
Адам бойына сіңген қасиеттер.
Ежелде өмір сүрген бұл әйелдер —
Кейінгіге тозбайтын алтын үлгі.
Олардың ізін басқан әйелдер
Шын бақытқа жетіп, өмір сүрер мәңгі.
3. Әр қыз бала, әпке, сіңлі, аналар,
Еңбектерің ерен, рухтарың дайын.
Болмыстарың биязы, қарапайым.
Қолдасын Ехоба лайым күш беріп.
Сый алатын күн де жақындады,
Болсын сенімдерің әрқашан да берік.
(Філіп. 4:3; Тім. 1-х. 2:9, 10; Пет. 1-х. 3:4, 5 қараңыз.)