113-ән
Құдай Сөзі үшін ризашылық
1. Әкеміз Ехоба, ризамыз саған,
Бердің Сөзіңді, асқан сый жоқ одан.
Қаламы пайғамбардың жеткізіп ойыңды,
Тәлімің жүрекке нұрдай құйылды.
2. Өзіміздей жандар жазды Сөзіңді,
Бастан кешкен олар түрлі сезімді.
Сөзіңнің беттерінде баяндап өмірін,
Әрбірі паш етті берік сенімін.
3. Өткір семсерден де сөзің әсерлі,
Тарап бойымызға, терең енеді.
Жүректі аян етіп, бар сырын ашады,
Даналық дарытып, нұрын шашады.
(Зәб. 119:16, 162; Тім. 2-х. 3:16; Жақ. 5:17; Пет. 2-х. 1:21 қараңыз.)