134-ән
Жаңа дүниеде жүргеніңді елестет
1. Қара, міне, екеуіміз де,
Жүрміз көппен біз жаңа дүниеде.
Артта қалды бар жамандық,
Кеуде керіп кең тыныс алдық.
Жоқ зұлымдық нышаны да,
Құдай отыр берік тағында.
Міне, кез келді жаңа жер орнайтын,
Бірге бәріміз мадақ әнін шырқайтын:
Қайырмасы:
“Ехоба Құдай, ғажап істерің!
Ұлың Иса жаңартты жер бетін.
Әнмен мақтап сені келеміз алдыңа,
Тек сен лайықсың құрмет пен атақ-даңққа”.
2. Қара, міне, екеуіміз де,
Жүрміз бүгін біз жаңа дүниеде.
Үрей, қауіп — бәрі кеткен,
Құдай жерге шатырын тіккен.
Уәделері дәл айтқандай
Орындалды бірі де қалмай.
Қазір оянса көз жұмған адамдар,
Мадақ әніне шын жүректен қосылар:
Қайырмасы:
“Ехоба Құдай, ғажап істерің!
Ұлың Иса жаңартты жер бетін.
Әнмен мақтап сені келеміз алдыңа,
Тек сен лайықсың құрмет пен атақ-даңққа”.
(Зәб. 37:10, 11; Ишая 65:17; Жох. 5:28; Пет. 2-х. 3:13 қараңыз.)