147-ӘН
Уәде етілген жұмақ
Баспа басылымы
1. Әкеміз уәдесін берді,
Жерде орнар бал жұмақ.
Момындар үшін ол енді
Болады нық тұрақ.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Біз мәңгі жасаймыз,
Ақ жолда тұрғаймыз.
Нық сөзі Құдайдың
Бос оралмайды.
2. Жайнар айнала теп-тегіс,
Азаттық алып бәрі.
Бейбіт өмір берер жеміс,
Шаттанып Жер шары.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Біз мәңгі жасаймыз,
Ақ жолда тұрғаймыз.
Нық сөзі Құдайдың
Бос оралмайды.
3. Артта қалады мұң-қайғы
Тірілгенде марқұмдар.
Құдай бізді жарылқайды,
Зор үміт артыңдар.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Біз мәңгі жасаймыз,
Ақ жолда тұрғаймыз.
Нық сөзі Құдайдың
Бос оралмайды.
(Ишая 25:8; Лұқа 23:43; Жох. 11:25; Аян 21:4 қараңыз.)