Қызығушылық білдірген адамдарға қашан қайта барғанымыз дұрыс?
1. Шәкірт дайындау ісіне не жатады?
1 Ехобаның Патшалығы жайлы білуді қалайтын кез келген адамға қайта бару — шәкірт дайындау ісінің ажырамас бөлігі (Мат. 28:19, 20). Қызығушылық білдірген адамдарға өзімізге ыңғайлы ғана емес, оларға да ыңғайлы болатын уақытта қайта бару қажет. Неліктен адамдарға арасын көп ұзатпай қайта баруымыз керек?
2, 3. Неліктен адамға мүмкіндігінше тез арада қайта баруымыз керек?
2 Арасын көп ұзатпай қайта барудың маңыздылығы. ‘Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды’ уағыздау ісі жақында өз мәресіне жетеді әрі осы дүниенің ақыры келеді (Мат. 24:14; Пет. 1-х. 4:7). Сондықтан қызығушылық білдірген адамдардың ‘құтқарылуға’ мүмкіндіктері бар кезде Пауылдың “сөзді кейінге қалдырмай уағыздаңдар” деген кеңесіне құлақ асуымыз керек. Бұл кеңеске құлақ асқанымызды қызығушылығын арттыру үшін адамдарға мүмкіндігінше тез арада қайта баруымызбен көрсетеміз (Қор. 2-х. 6:1, 2; Тім. 2-х. 4:2 ЖД).
3 Біз сепкен Патшалық туралы хабардың дәнін Шайтан адамның жүрегінен жұлып алып, жойып жіберуді көксейді (Мар. 4:14, 15). Адам шындыққа қызығушылық танытса, жиі туысқандары, әріптестері және басқалар келеке мазақ ете бастайды. Сондықтан адамның жүрегінде пайда болған қызығушылықтың ұшқынын өзгелер сөндіріп тастамас бұрын оған тез арада қайта барсақ, алғашқы әңгімемізді әрі қарай өрбіте аламыз.
4. Адамға қайта келу үшін қандай негіз қалай аламыз?
4 Келісіп ал. Адамға алғаш келгенде-ақ оған қайта келетінің жайлы айтқаның дұрыс. Келесі жолы жауап беруіңе болатын ашық сұрақ қалдырып кет. Бірінші рет жолыққан кездегі мәліметтерді және қашан келетініңді жазып ал. Үй иесіне келесі күні не жақын арада келуге мүмкіндігің бар екенін айт. Егер алғаш рет адамға демалыс күндері келген болсаң, ал ол аптаның ішінде жұмыс істесе, бәлкім, онымен келесі демалыс күндері кездесуге келісіп аларсың. Келіскен соң, сөзіңде тұр (Мат. 5:37).
5. Қызығушылық білдірген адамдарға арасын көп ұзатпай қайта барғанымыз шәкірт дайындау ісін орындауға қалай септігін тигізеді?
5 Қызығушылық білдірген адамдарға мүмкіндігінше тез арада қайта барудың келелі себептері көп. ‘Уақытымыз аз қалғандықтан’ адамдарға қашан келетінімізді айтып, тез арада қайта барайық (Қор. 1-х. 7:29 сілт.). Патшалық туралы хабарды білгісі келетін адамдарға неғұрлым тез арада қайта барсақ, соғұрлым қызметіміз жемісті болады.