“Рухтарың жалындай берсін!”
1. Мәсіхшілік қызметіміз несімен ерекшеленуі керек?
1 Жариялаушылар мәсіхшілік қызметтерінің әр саласында алға басып отырулары керек. Киелі кітап бізді: “Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін!”— деп шақырады (Рим. 12:11). Алайда қызметке деген құлшынысымызды бәсеңдетіп тастайтын жайттар көп. Олай болса, қызметке деген құлшыныс пен ықыласты қалай ‘лаулата’ аламыз? (Тім. 2-х. 1:6, 7 сілт.).
2. Киелі кітапты жеке зерттеу қызметімізді құлшыныспен атқаруға қалай көмектеседі?
2 Киелі кітапты жеке зерттеу. Жақсы уағыздаушы Құдай заңын сүйіп, ондағы шындықтарды жүрекке терең ұялатады (Заб. 118:97). Киелі кітаптағы қазына іспетті шындықтарды ұғу үшін жеке зерттеу жүргізгеніміз жан дүниемізге қозғау салып, қызметке деген құлшынысты арттырады. Осы шындықтардың қайнар көзі — Ехобаны сүйгеніміз және ізгі хабарды өзгелермен бөлісуге деген ықыласымыз Құдайды мадақтауға әрі оның есімін ел алдында жариялауға талпындырады (Евр. 13:15 Тт). Ізгі хабарды ынта-шынтамен жариялағанымыз оның құндылығын бағалайтынымызды көрсетері сөзсіз.
3. Құдай рухы қызметімізге қалай ықпалын тигізеді?
3 Құдай рухын сұрап дұға ету. Өз күшімізбен қызметімізді нәтижелі ете алмаймыз. Құдай бізге киелі рухын беру үшін кедергі жасамасақ, нағыз құлшынысқа ие боламыз (Пет. 1-х. 4:11). Құдіретті күштің қайнары — Ехобаға жақындасақ, рухани нығайып, адамдарға батылдықпен куәлік ететін боламыз (Ишая 40:26, 29—31). Пауыл қызметінде қиындықтарға кезіккенде, ‘Құдай [оны] қорғап-қолдады’ (Ел. іс. 26:21, 22). Ехобаның күш-жігер беретін киелі рухы қызметімізде жалындауға көмектесе алады. Олай болса, Құдайдан киелі рух сұрап дұға етейік (Лұқа 11:9—13).
4. Құлшыныс танытқанымыздың қандай пайдасы бар, алайда нені ескеруіміз керек?
4 Оттай жалындаған құлшыныспен уағыздағанымыз жиі бауырластардың да бойында зор құлшыныстың пайда болуына септігін тигізеді (Қор. 2-х. 9:2). Учаскемізде ізгі хабарды ынта-шынтамен әрі сеніммен айтатын болсақ, адамдар сөзімізге құлақ асуы әбден мүмкін. Алайда құлшыныспен қатар ілтипаттылық және мейірімділік қасиеттерін танытуымыз керек (Тит. 3:2). Біз әрқашан үй иесіне құрмет көрсетіп, оның таңдау еркіндігін сыйлаймыз.
5. Киелі кітаптағы қандай кеңеске құлақ асуымыз керек?
5 Патшалықтың жариялаушылары ретінде лайым ‘рухымыз жалындай берсін’! Киелі кітапты жеке зерттеу әрі киелі рухын сыйлайтын Ехобаға ұдайы дұға ету арқылы құлшынысымызды арттыра берейік. Осылайша қызметімізді ‘киелі рухпен, зор сеніммен’ әрі құлшыныспен атқара аламыз (Сал. 1-х. 1:5).