Ризашылығымызды білдірейік. Еске алу кеші 17 сәуірде өтеді
1. Забур жыршысы қандай сезімде болған және Еске алу кеші қарсаңында оған қалай еліктей аламыз?
1 Ехобаның көптеген қайырымды істері мен құтқаруына риза болған забур жыршысы: “Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?”— деген (Заб. 115:3). Бүгінде бізде Құдайға ризашылық білдіруге одан да көп себеп бар. Осы забур жыры жазылғаннан бірнеше ғасыр өткен соң, Ехоба адамзатқа ең құнды сый — төлемді берді. 17 сәуірде өтетін Мәсіхтің өлімін Еске алу кешіне дайындалып жатқан біздер үшін ризашылық білдіруге себеп көп (Қол. 3:15).
2. Төлемді бағалауға қандай себептер бар?
2 Төлемнің пайдасы. Төлемнің арқасында біздің “күнәларымыз кешіріледі” (Қол. 1:13, 14). Осылайша Ехобаға таза ар-ұжданмен қызмет ете аламыз (Евр. 9:13, 14). Сондай-ақ оған еркін дұға ете аламыз (Евр. 4:14—16). Ал төлемге сенсек, мәңгі өмір сүруге үмітіміз болады (Жох. 3:16).
3. Төлем үшін Ехобаға ризашылығымызды қалай білдіре аламыз?
3 Ризашылық білдірейік. Ехобаға зор ризашылық білдірудің бір жолы — Еске алу кеші қарсаңында оқылатын жазба орындарын күн сайын оқып, ой жүгірту. Бұл орайда 2011 жылдың “Күзет мұнарасындағы” (сәуір—маусым) “Осы жылдың ең маңызды күні” деген мақаланың көмегі зор болмақ. Сонымен қатар Ехобаға төлемді қаншалықты бағалайтынымызды айтып, шын жүректен дұға етсек болады (Сал. 1-х. 5:17, 18). Исаның өсиетіне құлақ асып, Еске алу кешіне келуімізбен де ризашылық білдіреміз (Қор. 1-х. 11:24, 25). Сондай-ақ осы кешке мүмкіндігінше көп адам шақырып, Ехобаның шексіз сүйіспеншілігіне еліктей аламыз (Ишая 55:1—3).
4. Не істеуге бел бууымыз керек?
4 Жүрегі ризашылыққа толы Ехобаның қызметшілері үшін Еске алу кеші — жай әдеттегі кездесулердің бірі емес. Ол — жылына бір рет өтетін ең маңызды кездесу! Бұл кеш жақындаған сайын, біздің де талпынысымыз “Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын” деген забур жыршысынікіндей болғай! (Заб. 102:2).