Ұсыныс үлгісі
Желтоқсанның бірінші сенбісінде Киелі кітап зерттеу сабағын ұсыну жолы
“Бүгінде отбасының шырқын бұзатын қиындықтарға бәріміз де кезігеміз. Айтыңызшы, отбасын бақытты етуге көмектесетін нұсқауларды қайдан табуға болады?” [Жауабын күт. Үй иесіне “Күзет мұнарасының” қазан—желтоқсан айларындағы санының 16, 17-беттеріндегі тақырыпшалардың бірін және келтірілген тармақтардың кем дегенде біреуін оқып, бірге талқылаңдар. Журналды ұсын да, келесі сұрақтардың бірін қарастыру үшін қайта баруға келісіп ал.]
“Күзет мұнарасы” Қаз.—желт.
“Көп адам Киелі кітапқа Құдай Сөзі ретінде қарайды. Қалай ойлайсыз, бұл кітаптың қандай пайдасы бар? [Жауабын күт.] Бір пайғамбардың сөзіне назар аударыңызшы. [Нақыл сөздер 2:1—6 оқы.] Мына журналда қазынаға теңелген осы білімге не жататыны түсіндіріледі”. [23-беттегі мақалаға назар аудар.]