ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | ЕФЕСТІКТЕРГЕ 4—6
“Құдай берген сауыт-сайманмен түгел жабдықталыңдар”
Елші Пауыл мәсіхшілерді майданда жүрген сарбаздарға теңеген. Ал біздің жау — “зұлым рухтар”. Осал әрі қорғансыз болып көрінсек те, біз Ехобаның көмегімен бұл шайқаста жеңіп шыға аламыз. Бұл үшін “Құдай берген сауыт-сайманмен түгел жабдықталуымыз” керек.
Сауыт-сайманның әрқайсысын атап, нені білдіретінін жазып қойыңыз:
ОЙТАМЫЗЫҚ. Мен сауыт-сайманмен түгел жабдықталдым ба?