ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 20, 21
Ехоба әрдайым уәдесінде тұрады
Ехоба Ыбырайым мен Сараны мықты сенімдері үшін жарылқап, оларға ұл сыйлады. Кейінірек сынақ кезінде олар мойынсұнушылық танытып, Ехобаның болашаққа қатысты уәделеріне деген айрықша сенімдерін көрсетті.
Басыма сынақ түскенде Ехобаның болашақтағы уәделеріне сенетінімді қалай көрсетемін? Сенімімді қалай нығайтсам болады?