Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі деген не?
Басқарушы кеңес деген — Иса Мәсіхтің толысқан ізбасарларынан тұратын кішігірім топ. Олар дүниежүзіндегі Ехоба куәгерлеріне жетекшілік етеді. Басқарушы кеңес екі бағытта қызмет атқарады:
Киелі кітапқа негізделген тәлімнің дайындалуына бас-көз болады, бұл тәлім басылымдар, қауым кездесулері және Ехоба куәгерлерінің мектептері арқылы беріледі (Лұқа 12:42).
Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік ісіне басшылық етеді, яғни уағыз ісін ұйымдастырады және ерікті садақаның дұрыс жұмсалуын қадағалайды.
Басқарушы кеңес бірінші ғасырда өмір сүрген “Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдардың” үлгісіне сай әрекет етеді (Елшілердің істері 15:2). Кезінде олар бүкіл қауымдардың игілігі үшін маңызды шешімдер қабылдап отырған. Сол адал ер кісілер сияқты Басқарушы кеңестің мүшелері де біздің ұйымның басшылары емес. Олар Ехоба Құдай қауымның басшысы етіп Иса Мәсіхті тағайындағанын түсінеді, сол үшін нұсқау мен басшылықты әрдайым Киелі кітаптан іздейді (Қорынттықтарға 1-хат 11:3; Ефестіктерге 5:23).
Басқарушы кеңес кімдерден тұрады?
Басқарушы кеңестің мүшелері: Геррит Лёш, Джейкоб Рамф, Гейдж Флигл, Джеффри Джексон, Джоди Джедли, Джеффри Уиндер, Дэйвид Сплэйн, Кеннет Кук, Марк Сандерсон, Стивен Летт, Сэмюэл Хёрд. Олар Уорвикте (Нью-Йорк, АҚШ) орналасқан дүниежүзілік бас басқармада қызмет етеді.
Басқарушы кеңес қандай қызмет атқарады?
Атқарылып жатқан түрлі істерге бас-көз болу үшін Басқарушы кеңес алты комитет құрды. Басқарушы кеңестің әр мүшесі осы комитеттердің біреуінде я бірнешеуінде қызмет етеді.
Баспа комитеті. Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді басып шығару мен оларды жөнелту ісін, сондай-ақ ғибадат орындарының, аударма кеңселерінің және Бетел ғимараттарының құрылысын қадағалайды.
Білім беру комитеті. Қауым кездесулерінде, мектептерде, аудио және видео бағдарламаларда берілетін діни тәлімді дайындау ісіне басшылық береді.
Жазушылар комитеті. Баспа түрінде және сайтымызда шығатын мәліметтерді дайындауға басшылық етеді, сондай-ақ аударма ісін қадағалайды.
Кадрлар жөніндегі комитет. Бетел отбасының мүшелеріне қатысты іс-шараларды ұйымдастырады.
Қызмет комитеті. “Патшалық жайлы ізгі хабарды” уағыздау ісінде басшылық береді (Матай 24:14).
Үйлестірушілер комитеті. Заңмен байланысты мәселелерді қадағалайды және апаттан зардап шеккен не діни нанымдары үшін қудаланған Ехоба куәгерлеріне көмек көрсетеді. Сондай-ақ Ехоба куәгерлеріне қатысты өзге де шұғыл мәселелерді қарастырады.
Осы комитеттерде атқаратын жұмыстарынан бөлек, Басқарушы кеңестің мүшелері апта сайын кездесіп, ұйымның қажеттіліктерін қарастырады. Бұндай кездесулерде олар Киелі кітапта не делінгенін талқылайды және Құдай рухының жетелеуіне жол беріп, бірауыздан шешім қабылдауға тырысады (Елшілердің істері 15:25).
Басқарушы кеңестің көмекшілері кімдер?
Олар — сенім артуға тұратын ер кісілер. Сол ер кісілер Басқарушы кеңестің комитеттеріне қолғабыс етеді (Қорынттықтарға 1-хат 4:2). Олар өз істерін жақсы меңгерген, тәжірибелері де мол. Көмекшілер өздері тағайындалған комитеттің кездесуінде апта сайын бас қосады. Шешім қабылдауға қатыспаса да, олар жақсы ұсыныстар айтып, қосымша мәлімет беріп отырады, комитеттің шешімдерін жүзеге асырады және оның нәтижесін жіті бақылайды. Сонымен қатар Басқарушы кеңес оларды шартарапта тұратын бауырластарды нығайтуға немесе жылдық жиында я Ғалақат мектебін бітіру салтанатында баяндама айтуға тағайындап жатады.
Комитет |
Аты-жөні |
---|---|
Баспа |
|
Білім беру |
|
Жазушылар |
|
Кадрлар жөніндегі |
|
Қызмет |
|
Үйлестірушілер |
|