Сілтеме
c Жазбаларда екі сорақы іс жайлы жазылған. Біріншіден, діни қызметкерлердің үлесіне құрбандықтың қай бөліктері тиетіні Заңда нақты айтылған еді (Мұс. 5-ж. 18:3). Алайда ғибадатханадағы діни қызметкерлер өздеріне мүлдем басқа тәртіп орнатып алды. Олар ет асылып жатқанда, қызметшілерін жіберетін. Қызметші үлкен шанышқысымен келіп, шанышқысына ілінген етті әкете беретін. Екіншіден, әлдекім құрбандық ошағына барып, әкелген құрбандығын шалмақ болғанда, опасыз діни қызметкерлер жұмсап жіберген қызметші оған дөрекілік көрсететін. Ол құрбандықтың майы Ехобаға арнап өртелгенін күтпей, діни қызметкерге шикі ет беруін талап ететін (Мұс. 3-ж. 3:3—5; Сам. 1-ж. 2:13—17).