Сілтеме
b Сара мен Ыбырайым әртүрлі шешеден, бірақ бір әке — Тарахтан туылғандықтан, бір-біріне бауыр еді (Мұсаның 1-жазбасы 20:12). Өгей бауырлардың некелесуі қазір теріс саналғанмен, ол уақыттың өз ерекшеліктері бар болған. Мысалы, адамдар Адам мен Хауа айырылып қалған кемелділікке жақын еді. Денсаулықтары мықты болғандықтан, екі туыстың некесінен тараған ұрпақтарда генетикалық ауытқулар болмаса керек. Ал шамамен 400 жылдан соң адамдардың өмір ұзақтығы біздің күндеріміздегідей шамаға жетті. Сол заманда шыққан Мұса Заңы жақын туыстардың некелесуіне тыйым салды (Мұсаның 3-жазбасы 18:6).