Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Шеминит* нақышына салынып, ішекті аспаптарда орындалады. Дәуіттің жыры.
6 Уа, Ехоба, мені ашуыңмен әшкерелеп,
Қаһарыңмен түзете көрме+.
2 Әбден діңкеледім, уа, Ехоба, ықыласыңды түсіре көр,
Сүйектерім дірдек қағады, уа, Ехоба, сауықтыра көр+.
6 Күрсіне-күрсіне әбден қажыдым+,
Түні бойы төсегімде көз жасымды көл қылдым,
Жылай-жылай төсегімді суладым+.
7 Қайғыдан көзім нашарлады+,
Қаскөйлердің көптігінен көрмей қалды.
8 Зұлымдық жасаушылар, бәрің де аулақ кетіңдер,
Өйткені Ехоба зарыма құлақ асады+.
9 Ехоба мені тыңдап, ықыласын түсіреді+,
Дұғама Ехоба құлағын түреді.
10 Жауларымның бәрі ұятқа қалып, асып-сасады,
Кенеттен кері шегініп, масқара болады+.