-
Зұлымдықтың әлі де орын алуының себебіКүзет мұнарасы. 2007 | 1 қазан
-
-
Мұны Киелі кітаптан білеміз. Шайтан Ібіліс жылан арқылы сөйлеп, Хауаға: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?”— дейді. Хауа Құдайдың бұйрығын айтып бергенде, Шайтан оған былай дейді: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер! Қайта, сендер осы жемісті жеген кезде көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айырып, Құдай сияқты болатындарыңды Ол жақсы біледі”. Сонда ағаш Хауаға аса тартымды көрініп, оның ‘жемісін алып жейді’. Әрі қарай Киелі кітапта: “Оны қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді”,— делінген (Жаратылыс 3:1—6). Осылай Адам да, Хауа да ерік бостандықтарын теріс пайдаланып, Құдайдың тілін алмай, күнә жасады.
Болған жайттың маңыздылығын түсінесіз бе? Ібіліс Құдайдың Адамға айтқан сөздеріне мүлдем қайшы нәрсе айтты. Ол Адам мен Хауаға ненің жақсы, ненің жаман екенін айыру үшін Ехобаның қажеті жоқ дегенге меңзеді. Осылайша, Шайтан Ехобаның адамзатқа билік етуге құқылы екенімен дауласты. Шайтанның көтерген дауы өте маңызды еді, себебі ол Ехобаның бүкіләлемдік билігінің заңдылығына қатысты болды. Шынайы Құдай бұл дауды қалай шешті екен?
-
-
Зұлымдықтың әлі де орын алуының себебіКүзет мұнарасы. 2007 | 1 қазан
-
-
Шайтан Құдайдың билік ету құқына шек келтіргеннен бері 6 000 жылдай уақыт өтті. Тарих нені көрсетті? Шайтан таққан айыптың екі қырын қарастырып көрейік. Ол Хауаға шімірікпестен: “Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер!”— деді (Жаратылыс 3:4). Тыйым салынған жемісті жесе Адам мен Хауа өлмейді деуімен, сайып келгенде, Шайтан Ехобаны өтірікші етіп көрсетті. Бұл көз жұма салатын мәселе емес еді. Осындай нәрседе Құдай шындықты айтпаса, басқа жағдайда оған сенім артуға бола ма? Алайда уақыт нені растады?
Адам мен Хауа ауырып, қасірет шегіп, қартайып, ақырында өлді. Киелі кітапта: “Адам ата барлығы тоғыз жүз отыз жыл өмір сүріп, қайтыс болды”,— делінген (Жаратылыс 3:19; 5:5). Адам атадан бастап бүкіл адамзат осындай күй кешетін болды (Римдіктерге 5:12). Осылайша, уақыт Шайтанның “өтірікші, өтіріктің бастауы”, ал Ехобаның “ақиқаттың Құдайы” екенін дәлелдеді (Жохан 8:44; Забур 30:6).
-