26-САБАҚ
Неге дүниеде жаманшылық пен қайғы-қасірет көп?
Бір қайғылы жағдай болған кезде адамдар “неге бұлай болды?” деп дал болып жатады. Бұл сұрақтың жауабы Киелі кітапта бар болғаны қандай жақсы!
1. Шайтан бұл дүниеге жаманшылықты қалай әкелді?
Шайтан Ібіліс о баста Құдайға қарсы шықты. Ол басқалардың үстінен билік еткісі келді. Осы мақсатқа жету үшін ол Адам ата мен Хауа ананы түртпектеп, оларды да Құдайға қарсы қоймақшы болды. Бұл үшін Шайтан Хауаға өтірік айтты (Мұсаның 1-жазбасы 3:1—5). Хауа ана оның сөзінен кейін Ехоба одан бір жақсы нәрсені жасырып отыр деп ойлап қалды. Шайтан егер адамдар Құдайды тыңдамаса, әлдеқайда бақытты болады дегенге меңзеді. Ол Хауаға “өлмейсің” деуімен алғашқы өтірікті айтты. Сондықтан Шайтан Киелі кітапта “өтірікші әрі өтіріктің әкесі” деп аталған (Жохан 8:44).
2. Адам мен Хауа не шешті?
Ехоба Адам мен Хауаға бәрін үйіп-төгіп берген еді. Құдай екеуіне Едем бағындағы барлық ағаштардың жемісінен тойғанша жеуге болатынын айтты (Мұсаның 1-жазбасы 2:15—17). Тек бір ағашқа ғана тыйым салды. Олар болса бәрібір сол ағаштан жеуді шешті. Алдымен Хауа “оның жемісін алып жеді”, кейін күйеуі Адам да жеді (Мұсаның 1-жазбасы 3:6). Осылай екеуі де Құдайдың айтқанын тыңдамады. Адам мен Хауа кемелді болған, яғни бойларында пендешілік, осалдық болмаған. Сондықтан оларға дұрыс нәрсені істеу еш қиындық тудырмайтын. Сөйтсе де олар өз еріктерімен Құдайға бағынбауды шешіп, күнә жасады және оның билігінен бас тартты. Осы бір шешімдерінің кесірінен олар көп қасірет шекті (Мұсаның 1-жазбасы 3:16—19).
3. Адам мен Хауаның шешімі бізге қандай кесірін тигізді?
Күнә жасағаннан кейін Адам мен Хауа күнәкар болды. Олардың сол күнәкарлығы бүкіл ұрпағына берілді. Адам ата туралы Киелі кітапта былай делінген: “Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды” (Римдіктерге 5:12).
Біздің қайғы-қасірет шегуіміздің түрлі себебі бар. Кейде өзіміз дұрыс емес шешім жасап жапа шексек, кейде біреудің бұрыс шешімінен жапа шегеміз. Ал кейде жазатайым жағдайға тап болғандықтан қасірет көреміз (Уағыздаушы 9:11 оқыңыз).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Әлемдегі болып жатқан жаманшылық пен қайғы-қасірет Құдайдан емес екенін және біз қиналғанда ол не сезінетінін білейік.
4. Біздің қасіретімізге кім кінәлі?
Көп адам дүниені Құдай билеп жатыр деп ойлайды. Бірақ бұл солай ма? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.
Жақып 1:13 пен Жоханның 1-хаты 5:19 оқып, сосын мына сұрақты талқылаңыздар:
Қайғы-қасірет пен жаманшылыққа Құдай кінәлі ме?
5. Шайтанның билігі не берді?
Мұсаның 1-жазбасы 3:1—6 оқып, сосын мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Шайтан не деп өтірік айтты? (4, 5-тармақтарды қараңыз).
Шайтан қай сөздерімен Ехоба адамдардан жақсы бір нәрсені жасырып отыр дегенге меңзеді?
Бақытты болу үшін адамдарға Ехобаның билігі керек емес дегенге Шайтан қалай келтірді?
Уағыздаушы 8:9 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Ехоба дүниені билеп жатпағандықтан, салдары не болды?
А. Адам мен Хауа кемелді болды, олар жұмақта өмір сүрді. Бірақ Шайтанды тыңдап, Ехобаға қарсы шықты
Ә. Құдайға қарсы шыққаннан кейін бұл дүниені күнә, қайғы-қасірет пен өлім жайлады
Б. Ехоба күнә, қайғы-қасірет пен өлімді жоқ қылады. Сонда адамдар қайтадан кемелді болып, жұмақта өмір сүреді
6. Құдай қайғы-қасіретімізді көреді
Біздің қайғы-қасіретіміз Құдайдың назарында. Қазір Дәуіт патша мен елші Петірдің не жазғанын қарастырайық. Зәбүр 31:7 мен Петірдің 1-хаты 5:7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Ехоба біздің қайғы-қасіретімізді байқап, оларға бейжай қарамайтыны сізді қандай сезімге бөлейді?
7. Құдай адамдардың бар қасіретін тоқтатады
Ишая 65:17 мен Аян 21:3, 4 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Ехоба адамдардың басына түскен бар жаманшылықтың зардабын жоятынын білу неге көңіліңізге жылу береді?
Біле жүріңіз
Шайтан алғашқы өтірікті айтқан кезде Ехобаға жала жапты. Қалай? Шайтан Ехобаны әділетсіз, жақсы көрмейтін Билеуші деп оның атына кір келтірді. Жуырда Ехоба адамзаттың бүкіл қайғы-қасіретін жойғанда, өз атын ақтайды. Басқа сөзбен айтқанда, ол өзінің ең жақсы Билеуші екенін дәлелдейді. Ехобаның есімінің ақталуы — ғаламдағы ең маңызды мәселе (Матай 6:9, 10).
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Алла Тағала адамдарды қиындықпен сынайды”.
Сіз не деп айтар едіңіз?
ТҮЙІНДЕМЕ
Әлемдегі барлық жаманшылыққа негізінен Шайтан Ібіліс пен алғашқы жұп кінәлі. Біздің қасіретіміз Ехобаға ауыр тиеді, сондықтан ол жақын арада барлық қасіретімізден азат етеді.
Қайталау
Шайтан Ібіліс Хауаға не деп өтірік айтты?
Адам мен Хауаның Құдайға қарсы шыққаны бізге қандай кесірін тигізді?
Қайғы шегіп жатқанымыз Ехобаға бәрібір емес екенін қайдан білеміз?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Киелі кітапта күнәнің не екені қалай түсіндірілгенін көріңіз.
Шайтан Ібіліс Едем бағында қандай мәселе көтергені жайлы көбірек оқып көріңіз.
“Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2014)
Мына сұрақтың жауабын біліңіз.
“Неге Құдай Холокосттың болуына жол берді?” (jw.org сайтындағы мақала (ор.)
Бір ер адам айналасындағы қайғы-қасірет туралы не білгенін көріңіз.