-
Сен де өмірді Құдай сияқты бағалайсың ба?Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
-
-
16. Түсік жасатуға қатысты Киелі кітапта қандай принцип бар? (Сілтемені де қара.)
16 Құдайдың көз алдында тіпті туылмаған баланың өмірі де бағалы. Ежелгі исраилдіктердің арасында біреу жүкті әйелге зақым келтіріп, оның өзі не баласы қайтыс болса, Құдай кінәлі адамды кісі өлтіруші деп есептеп, “жанға жан” беруді талап ететінc (Мысырдан шығу 21:22, 23 ЖД). Олай болса, жыл сайын қаншама сәбидің туылмай жатып түсіріліп тасталатыны, ал олардың бірталайы адамдардың өзімшілдігі мен арсыздығына бола түсірілетіні, Ехобаға қалай әсер ететінін ойлап көрші!
-
-
Сен де өмірді Құдай сияқты бағалайсың ба?Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
-
-
c Ғалымдардың айтуынша, еврей мәтінінде сөздердің қалай сапталғанына қарағанда, мұнда “тек әйелге келтірілген зақым жайлы айтылған деуге болмайды”. Сондай-ақ Киелі кітапта Ехобаның үкім шығаруына іштегі баланың, не ұрықтың, жас шамасы әсер ететіні жөнінде ештеңе айтылмағанын да ескерген жөн.
-