Қазірдің өзінде басшылығы тиімді
“Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады” (ЗАБУР 118:105).
КИЕЛІ КІТАП ҚАЙ ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕ? Кейбір әдеби шығармалар классикаға айналуы мүмкін, бірақ ондағы мәлімет өмірімізге басшылық болады деп айта алмаймыз. Бұған қоса, басшылық көзі болып табылатын заманауи басылымдардың өздері үнемі жаңартылып отыруды талап етеді. Ал Киелі кітап туралы не деуге болады? Онда айтылғандай, “бұрын жазылғандардың бәрі бізге тәлім болсын деп жазылған” (Римдіктерге 15:4).
КИЕЛІ КІТАПТАН МЫСАЛ: Киелі кітап медициналық анықтама болмаса да, онда эмоциялық және тәндік денсаулыққа септігін тигізетін тиімді кеңестер бар. Мысалы, онда: “Жантыныштығы ғұмырды ұзартар”,— делінген (Нақыл сөздер 14:30). Сонымен қатар Киелі кітап: “Саяқ жан қара басын ойлар, Даналық атаулыға қарсы шығар”,— деп ескертеді (Нақыл сөздер 18:1). Бұған қоса, онда: “Алғаннан гөрі берген бақытты”,— деп те айтылған (Елшілердің істері 20:35).
ЗЕРТТЕУЛЕР НЕНІ КӨРСЕТУДЕ? Сабырлық сақтау, достық қарым-қатынас және жомарттық денсаулығыңызды жақсарта алады. Бір медициналық журналда былай делінген: “Ашуын жүгендей алатын адамдарға қарағанда ашуға берілгіш адамдардың инсультке шалдығу қаупі екі есе жоғары” (“Journal of the American Medical Association”). Австралияда 10 жыл бойы жүргізілген бір зерттеудің барысында “дос-жарандарымен және сырластарымен көбірек араласып, жақын қарым-қатынаста болған” қарт адамдардың ғұмыры анағұрлым ұзағырақ болатыны анықталды. Ал 2008 жылы Канада мен Құрама Штаттардың зерттеушілері “өзінің емес, басқалардың мүддесі үшін қаражатын жұмсаған адамдар өздерін әлдеқайда бақыттырақ сезінетініне” көздерін жеткізді.
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? Осыдан 2000 жыл бұрын жазылған басқа қай кітаптың денсаулыққа қатысты кеңестеріне сенім артар едіңіз? Жоқ әлде бұл тек Киелі кітаптың ерекшелігі ме?
[8-беттегі сөздер]
“Киелі кітап маған қатты ұнайды... өйткені онда денсаулыққа қатысты керемет кеңестер бар”. (Х. КЕЛЛИ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ДЖОНС ХОПКИНС АТЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАРДЫҢ БІРІ)