38-САБАҚ
Өмір атты сыйды қадірлейік
Өмір ғажайыпқа толы. Сондықтан қиындықтарға кезігіп жатсақ та, қуанышты сәттер әрдайым табылады. Ехобаға сыйлаған өмірі үшін алғысымызды қалай білдірсек болады? Өмірді қадірлейтініміздің ең басты себебі не?
1. Өмірді не үшін қадірлеуіміз керек?
Бізге өмірді мейірімді Әкеміз Ехоба сыйлағандықтан, біз өмірді ардақтауымыз керек. Ехоба — барлық тіршілікті жаратқан “өмірдің қайнар көзі” (Зәбүр 36:9). Ол “барлығына өмір, тыныс және қажеттінің бәрін береді” (Елшілердің істері 17:25, 28). Иә, тірі жүруіміз үшін Ехоба бізге не керек болса, соның бәрін беріп жатыр. Тіпті артығымен беруде: біз өмірдің рақатын көрсін деп, ол бәрін сан алуан етіп жаратты (Елшілердің істері 14:17 оқыңыз).
2. Бізге өмір сыйлаған Ехобаға алғысымызды қалай білдіре аламыз?
Ананың құрсағында пайда болған күннен бастап, сіз Ехоба үшін бағалысыз. Дәуіт пайғамбар Құдайға былай деп дұға еткен: “Тіпті ұрық күйімді көздерің көрді” (Зәбүр 139:16). Иә, сіздің өміріңіз Ехоба үшін аса құнды (Матай 10:29—31 оқыңыз). Сондықтан әлдебіреу өзгенің, тіпті өзінің өмірін әдейі үзгісі келсе, бұл Құдайға өте ауыр тиедіa (Мұсаның 2-жазбасы 20:13). Сондай-ақ еш себепсіз өмірімізді қауіп-қатерге тіксек я өзгелердің өмірін қорғау үшін сақтық шараларын істемесек, бұл да Ехобаның жүрегін сыздатады. Өз өмірімізді де, өзгелердікін де қадірлей білсек, таңғажайып өмір сыйына алғысымыз шексіз екенін көрсетеміз.
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Өмірді бағалайтынымызды қандай жолдармен көрсете алатынымызды қарастырайық.
3. Денсаулығыңызды күтіңіз
Ехобаға бағышталғандықтан, біз бар өмірімізді оған қызмет ету үшін арнаймыз. Былайша айтқанда, денемізді оған құрбандық ретінде ұсынамыз. Римдіктерге 12:1, 2 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Не себепті денсаулықты күтуіңіз керек?
Денсаулығыңызды күтетініңізді қалай көрсете аласыз?
4. Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігін ойлаңыз
Киелі кітап бізді өмірімізге қауіп төндіретін істерден аулақ болуға үндейді. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сақ болу үшін не істей алатыныңызды біліңіз.
Нақыл сөздер 22:3 оқып, мына жағдайларда өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндірмес үшін не істеуге болатынын талқылаңыздар:
үйіңізде;
жұмыс орнында;
спортпен айналысқанда;
көлік жүргізгенде не көлікке отырғанда.
5. Құрсақтағы баланың өмірін қадірлеңіз
Ана құрсағында дамып жетіліп жатқан нәрестенің өміріне Ехобаның ерекше мән беретінін Дәуіт пайғамбар көркем тілмен жеткізген. Зәбүр 139:13—17 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Ехоба үшін адамның өмірі қай кезде басталады: ұрық болып қалыптасқанда ма, әлде туылғанда ма?
Ехобаның ежелгі Исраилге берген заңдары аналарды да, олардың құрсағындағы балаларын да қорғаған. Мұсаның 2-жазбасы 21:22, 23 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Біреу құрсақтағы баланы абайсызда өлтіріп қойғанда, Ехоба не сезінген?
Ал біреу оны әдейі істесе, Ехоба өзін қалай сезінеді?b
Сіз Ехобаның осындай көзқарасы жайлы не ойлайсыз?
Кейде тіпті өмірді бағалайтын жүкті әйел үшін түсік жасатудан басқа амал жоқтай көрінуі мүмкін. Ишая 41:10 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
Жүкті әйелді түсік жасатуға мәжбүрлеп жатса, ол кімнен көмек сұрау керек? Неге?
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Түсікті амал жоқтан жасатады ғой”.
Ананың да, ішіндегі баланың да өмірі Ехоба үшін қымбат екеніне көзіңізді не жеткізеді?
ТҮЙІНДЕМЕ
Киелі кітап Ехоба сыйлаған өмірді сүюге, бағалауға және қорғауға үйретеді. Өз өмірімізге де, басқаның өміріне де осылай қарауымыз керек.
Қайталау
Неге адамның өмірі Ехоба үшін қымбат?
Біреу біреудің өмірін әдейі үзсе, Ехоба не сезінеді?
Неге өмір сыйы үшін ризасыз?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Ехобаға өмір үшін алғысымызды қалай білдіре аламыз?
Кезінде түсік жасатқан әйелді Құдай кешіре ме деген сұрақтың жауабын біліңіз.
“Киелі кітапта түсік жасату жайлы не айтылған?” (jw.org сайтындағы мақала)
Құдайдың өмірге деген көзқарасы қандай спорт түрін таңдайтынымызға әсер етуі керек.
“Экстремалды спорт түрімен айналысқан дұрыс па?” (“Ояныңдар!” (ор.), 8 қазан, 2000)
Өмір сүргісі келмейтін адамға Киелі кітап қалай көмектесе алатынын оқып көріңіз.
“Өлгім келеді. Осындай ойлармен күресуге Киелі кітап көмектесе ала ма?” (jw.org сайтындағы мақала)
a “Жүрегі жаралы жандарға” Ехобаның қатты жаны ашиды (Зәбүр 34:18). Оны өз-өзіне қол жұмсауға қандай азапты ойлар мен сезімдер түртпектеп тұрғанын Ехоба жақсы түсінеді, сондықтан оған көмектескісі келеді. Ол осындай жаман ойларға бой алдырмауға қалай күш беретінін білу үшін, осы сабақтың “Қосымша ізденіңіз” бөліміндегі мына мақаланы оқып көріңіз: “Өлгім келеді. Осындай ойлармен күресуге Киелі кітап көмектесе ала ма?”
b Бұрын түсік жасатқан әйелдер өздерін қатты кінәламау керек. Ехоба оларды кешіреді. Толығырақ мәлімет алу үшін осы сабақтың “Қосымша ізденіңіз” бөлігіндегі мына мақаланы қараңыз: “Киелі кітапта түсік жасату жайлы не айтылған?”