-
Күштеріңді қолданғанда “Құдайдан үлгі алыңдар”Ехобаға жақында
-
-
10. а) Құдай ата-аналарға қандай билік берген? ә) “Нұсқау беру” деген нені білдіреді және балаға қалай нұсқау беруге болады? (Сілтемеге де қара)
10 Сонымен қатар Құдай ата-аналарға да билік берген. Киелі кітап мынаған шақырады: “Әкелер, балаларыңа шамасы келмейтін талап қойып, ашуландырмай, Иеміздің тәлімімен нұсқауын беріп, тәрбиелеңдер!” (Ефестіктерге 6:4, сілтемені қара) Киелі кітаптағы “нұсқау беру” деген сөз “тәлім беру, жөн сілтеу, тәрбиелеуді” білдіруі мүмкін. Бала осыған мұқтаж, ол анық нұсқаулар беріліп, нақты шектеулер қойылып отырғанда ғана бақытты әрі келешегіне сенімді болады. Киелі кітапта осылай нұсқау беру, немесе тәрбиелеу, сүйіспеншілікпен жүзеге асырылу керектігі айтылған (Нақыл сөздер 13:24). Сондықтан “жөнге салатын шыбық” балаға ешқашан эмоциялық не тәндік жағынан зиян келтірмеу керекa (Нақыл сөздер 22:15, ЖД; 29:15). Сүйіспеншіліктен ада қатаң не дөрекі тәрбие — ата-ананың өз билігін теріс қолданатындығының белгісі, әрі баланың жігерін жасытуы мүмкін (Қолостықтарға 3:21). Ал орнымен жазалап, байыппен тәрбиелеу баланың ата-анасы оны жақсы көретіндігіне және ертеңгі күні қандай адам болатынын ойлайтындарына көзін жеткізеді.
-
-
Күштеріңді қолданғанда “Құдайдан үлгі алыңдар”Ехобаға жақында
-
-
a Ертеде “шыбық” деген еврей сөзі қойшының малға бағыт беріп, айдау үшін қолданатын таяғын білдіретін (Забур 22:4). Сол сияқты ата-ананың билік “шыбығы” да дөрекі не мейірімсіздікпен жазалауды емес, сүйіспеншілікпен жөн сілтеуді білдіреді.
-