Еңбек пен көңіл көтеруді үйлестіру
«КӨҢІЛ көтеру дегеніміз — сәнді киім, бірақ оны күнделікті кие бермейсің». Бұл сөздермен белгісіз жазушы көңіл көтерудің құндылығын шебер суреттеген. Дегенмен де ол көңіл көтерудің пайдалы еңбекпен үйлесуі керек екенін көрсетеді.
Бұл туралы Құдайдың киелі рухының көмегімен жазылған Киелі кітаптың жазушысы Сүлеймен де жазған болатын. Бұл дана патша осы екеуінің де шегінен шықпауға тырысуымыз керек екенін айтты. Біріншіден, ол былай деді: «Ақымақ адам қол қусырып, өз денесін өзі жеп отырады» (Екклесиаст 4:5). Иә, жалқаулық кедейлікке ұшыратады. Нәтижесінде ол жалқаудың денсаулығына, тіпті өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Екінші жағынан, ауыр еңбек үшін барлық нәрсені құрбан ететін адамдар да бар. Сүлеймен олардың тынымсыз ауыр еңбегі туралы былай деді: «Бұл да мәнсіз, әрі жанды қинайды екен» (Екклесиаст 4:4).
Сүлеймен байсалды болуға шақырып, былай деді: «Бейнеті көп еңбекпен тапқан қос уыстан гөрі, тыныштықпен тапқан бір уыс артық». Оның бұндай кеңес беруіне елеулі себеп бар (Екклесиаст 4:6). Әркім «өзінің еңбегінің рақатын көруі» керек. Яғни, кейде көңіл көтеру үшін уақыт бөліп, еңбегінің жемісінің пайдасын көруі керек (Екклесиаст 2:24). Сондай-ақ, жұмыстан өзге нәрселерге де көңіл бөлуіміз керек. Отбасы мүшелері уақытымыздың біразын бөлуге лайық. Біздің бірінші кезектегі міндетіміз жұмыс емес, Құдайға қызмет ету екеніне Сүлеймен ерекше көңіл аударған (Екклесиаст 12:13). Сіз жұмысқа деген байсалды көзқарас дамытқан адамдардың қатарынансыз ба?