-
Қалай дұрыс шешім қабылдауға болады?Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
5. Басқалардың ар-ұятын құрметтеңіз
Әр адам әртүрлі шешім қабылдайды. Сондай кезде басқалардың ар-ұятын құрметтейтінімізді қалай көрсетсек болады? Екі жағдайды қарастырайық:
1-жағдай: Боянуды жақсы көретін бір әйел бауырлас басқа қауымға ауысады. Сол қауымдағы көп әйел бауырлас боянғанды онша жақтыра бермейді екен.
Римдіктерге 15:1 және Қорынттықтарға 1-хат 10:23, 24 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Осы тармақтарға сай, бұл әйел бауырлас қандай шешім қабылдауы мүмкін? Қандай да бір нәрсені істеуге сіздің ар-ұятыңыз жіберсе, басқалардікі жібермеуі мүмкін. Сондай адамның қасында болсаңыз, сіз не істейсіз?
2-жағдай: Бір ер бауырлас ішімдікті орынды мөлшермен ішуді Киелі кітап айыптамайтынын біледі, бірақ өзі ішпеуді шешеді. Оны бір отырысқа шақырғанда, ол ер бауырластардың ішімдік ішіп жатқанын көреді.
Уағыздаушы 7:16 мен Римдіктерге 14:1, 10 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
Осы тармақтарға сай, бұл бауырлас не істеуді шешуі мүмкін? Сіздің ар-ұжданыңыз жібермейтін нәрсені біреудің істеп жүргенін көрсеңіз, не істер едіңіз?
Дұрыс шешім қабылдау үшін не істеу керек?
1. Ехобадан көмек сұрау. Сонда не істеу керектігін шешу жеңіл болады (Жақып 1:5).
2. Іздену. Қажетті принциптерді табу үшін Киелі кітаптан және оған негізделген әдебиеттерден ізденіңіз. Сондай-ақ тәжірибесі бар мәсіхшілермен ақылдассаңыз болады.
3. Салдарын қарастыру. Шешіміңіз сіздің және өзгелердің ар-ұятына қалай әсер ететіні туралы ойланып көріңіз.
-
-
Айтар сөзіміз Ехобаға жағымды болсынМәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
-
-
5. Басқалар жайлы жақсы сөйлеу
Қалай біз біреудің көңіліне тиюден я жамандаудан аулақ бола аламыз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
Бейнероликтегі ер бауырлас қай жағынан өзгеруді шешті және неге?
Ол өзгеру үшін не істеді?
Уағыздаушы 7:16 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Біреу туралы жаман нәрсе айтқымыз келіп тұрса, нені есте ұстауымыз керек?
Уағыздаушы 7:21, 22 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:
Осы тармақтар сізді біреу жамандағанда, қатты көңілге алмауға қалай көмектеседі?
-