-
Иса тозақ оты туралы айтқан ба?Күзет мұнарасы, 2008 | 15 маусым
-
-
Алайда Исаның сөздерін Ишая кітабының соңғы тармағымен салыстырып көрсек, оның сонда жазылған сөздерді келтіріп тұрғанын байқау қиын емесa. Мұнда пайғамбар “Иерусалимнен оның айналасындағы Бен-Һенном (жаһаннам) сайына бару туралы айтқанға ұқсайды. Бұл сай бұрын адамдарды құрбан ету орны болған (Ерм. 7:31), ал кейін қоқыс тасталатын жерге айналған” (“The Jerome Biblical Commentary”). Ишая 66:24-тегі бейнелі сөздердің азап шегіп жатқан адамдарға емес, олардың өліктеріне қатысты айтылғаны анық көрінеді. Мұндағы өлмейтін нәрселер — тірі адамдар не олардың өлмес жандары емес, құрттар. Олай болса, Исаның сөздерін қалай түсінуге болады?
Католиктердің бір еңбегінде Марқа 9:48-ге қатысты не айтылғанына назар аударайықшы: “[Бұл] сөздер Ишая кітабынан алынған (66,24). Мұнда пайғамбар өлі дененің әдетте екі жолмен — шіру немесе өртену арқылы — жойылатынын көрсеткен... Мәтінде құрттар мен оттың қатар айтылғаны жойылу туралы ойды күшейтеді... Бұл жоюшы күштің екеуі де тұрақты жайттар (‘өлмейді, сөнбейді’) ретінде суреттеледі, демек бұлардан аман қалу мүмкін емес. Жойылмайтын нәрсе — адам емес, құрттар мен от қана, ал олар өз билігіне түскен нәрсенің бәрін жалмайды. Демек тармақта мәңгі азап шегу емес, қайта тірілу мүмкіндігінен айыратын толық жойылу, яки біржола өлу туралы айтылған. Олай болса, [от] жойылуды бейнелейді” (“El evangelio de Marcos. Análisis lingüístico y comentario exegético”. Volume II).
-