-
“Бір бағушы тағайындаймын”Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
-
-
6. Жұмбақ нені білдіреді?
6 Бұл жұмбақ нені білдіреді? (Езекиел 17:11—15 оқыңыз). Б. з. б. 617 жылы Бабыл патшасы Навуходоносор (бірінші үлкен бүркіт) Иерусалимді қоршауға алды. Ол Яһуда патшасы Ехонияны (ең биік өскен бұтақшаны) тағынан түсіріп, Бабылға (саудагерлердің қаласына) әкетті. Навуходоносор Седекияны (сол елден, яғни Яһудадан алған патша тұқымын) Иерусалимде патша етіп, таққа отырғызды. Яһуданың бұл жаңа патшасы Бабылға адалдықпен бағынатынын Құдай атымен ант еткен еді (Шеж. 2-ж. 36:13). Алайда Седекия берген сертін бұзып, Бабылға қарсы бас көтерді. Ол Мысыр перғауынынан (екінші үлкен бүркіттен) қалың әскер сұрады. Бірақ мұнысынан түк шықпады. Сөзінде тұрмағаны үшін, Ехоба Седекияны жауапқа тартты (Езек. 17:16—21). Ақыр соңында Седекия тағынан айырылып, Бабылдағы түрмеде өлім құшты (Ерм. 52:6—11).
-
-
Мәсіх туралы пайғамбарлық. Керемет қарағай ағашыЕхоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
-
-
2. Навуходоносордың Седекияны Иерусалимде таққа отырғызуы
-