-
“Ей, Гог... мен саған қарсы шығамын!”Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
-
-
8 “Солтүстік патшасы” (Даниял 11:40—45 оқыңыз). Даниял пайғамбар өзінің заманынан бастап біздің күнімізге дейін қандай дүниежүзілік үкіметтер билік ететінін пайғамбарлық етіп кеткен. Сондай-ақ оның пайғамбарлығында бір-бірімен жауласатын екі саяси күш — “оңтүстік патшасы” мен “солтүстік патшасы” — туралы да айтылған. Ғасырлар бойы халықтар билікке таласқанда, әртүрлі патшалар мен халықтар “оңтүстік патшасы” не “солтүстік патшасы” болып келген. Солтүстік патшасының “ақырғы уақытта” жасайтын соңғы шабуылы жайында Даниял былай деген: “Ол зор қаһарына мініп, көптің көзін құртып, жою үшін аттанады”. Солтүстік патшасының көздеген ең басты нысанасы — Ехобаға ғибадат ететін адамдарc. Ол Құдай халқына шабуыл жасағанмен, жеңіліске ұшырайды. Содан кейін Магог жеріндегі Гог сияқты оның да “соңы жетеді”.
-
-
“Ей, Гог... мен саған қарсы шығамын!”Ехоба таза ғибадатты қалпына келтірді!
-
-
c Даниял 11:45-тен солтүстік патшасы Құдай халқын нысанаға алатындығын аңғаруға болады. Онда осы патшаның өзінің “шатырларын ұлы теңіз [Жерорта теңізі] бен Көрікті жердегі киелі таудың арасына [кезінде Құдайдың ғибадатханасы тұрған әрі Құдай халқы ғибадат еткен жерге] тігетіні” айтылған.
-