-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Қожайын, немесе жүзімдіктің иесі, Ехоба Құдайды, ал жүзімдік Исраил халқын бейнелейді. Жүзімдіктегі жұмысшылар — Заң келісімінде тұрған, бірінші кезекте елшілердің кезінде өмір сүрген яһудилер. Жалақы тек күні бойы жұмыс істеген жұмысшылармен келісіледі. Бір жұмыс күніне бір күміс теңге. Таңертеңгі тоғызда, түскі он екіде, үште және бес шамаларында жалданғандар, тоғыз сағат, алты сағат, үш сағат және бір сағат жұмыс істейді.
-
-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Он екі сағатқа, яғни күні бойына, қызмет етуге жалданған жұмысшылар үнемі діни қызметте болып келген яһуди басшыларын білдіреді. Исаның шәкірттерінің олардан айырмашылығы өмірлерінің көп бөлігінде балық аулап немесе басқа да жұмыстармен айналысқан. Тек б. з. 29 жылының күзінде “қожайын” Иса Мәсіхті оларды өзінің шәкірттері ретінде жинауға жібереді. Осылайша олар “соңғылар”, немесе сағат бес шамасында жалданған жұмысшылар, болады.
-
-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Күміс теңге Иса өлген кезде емес, б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамында Мәсіх, яғни “шаруашылық басқарушысы”, шәкірттеріне киелі рухты төккен кезде төленеді. Исаның шәкірттері ‘соңғыларға’, немесе сағат бес шамасында жалданған жұмысшыларға, ұқсайды. Күміс теңге киелі рухтың өзін білдірмейді. Ол шәкірттердің жерде қолдануы керек нәрсесін білдіреді. Бұл олардың мәңгілік өмірі үшін қажет. Күміс теңге Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды тарататын рухани исраилдіктердің, майланғандардың, қатарына жату құрметін білдіреді.
-
-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Исаның бұл астарлы әңгімесі тек бірінші ғасырда ғана орындалды ма? Жоқ. ХХ ғасырда христиан әлемінің дінбасылары өздерінің жағдайлары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, Құдайдың бейнелі жүзімдігіндегі жұмысқа “алдыңғылар” болып жалданған болатын. Олар Күзет Мұнарасы Қоғамымен бірге қызмет ететін, Құдайдың адал уағыздаушыларын Құдайға қызмет етуге байланысты маңызды бір нәрсені тапсыруға болатындардың “соңғылары” деп есептеді. Алайда шын мәнінде күміс теңгені сол дінбасылары жек көретіндер алды: олар көктегі Құдай Патшалығының рухпен майланған өкілдері ретінде қызмет ету құрметіне ие болды. Матай 19:30—20:16.
-