-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Ақырында, Иса өлген кезде, бейнелеп айтқандағы жұмыс күні бітіп, жұмысшыларға жалақы төлейтін кез келеді. Ақы төлеу ерекше түрде жүргізіледі, өйткені алдымен ақшаны соңынан келіп жалданғандары алады. Мұны келесі сөздерден көруге болады. Кешке ол шаруашылығын басқарушысына: “Жұмысшыларды шақырып, жалақыларын төле. Ең соңғыларынан бастап, алғашқы барғандарымен аяқта,— деп тапсырады. Сонда сағат бесте жалданғандар келіп, бір күміс теңгеден алады. Алғашқы болып келгендер көбірек аламыз деп үміттенгенмен, оларға да бір-ақ күміс теңгеден тиеді. Соны алған олар қожайынға өкпелеп: — Соңғылар бір сағат қана жұмыс істесе, біз осындай ыстықта күні бойы жұмыс істедік. Дегенмен сіз бәрімізге бірдей ақы төледіңіз!” — деп күңкілдейді. Қожайын біреуіне жауап қайтарып: “Достым, саған әділетсіздік жасаған жоқпын ғой. Әуел баста бір күміс теңгеге келіспеп пе едік?! Ендеше ақыңды ал да кете бер. Соңынан жалданған мыналарға саған бергендей ақы төлеуді өзім қалап тұрмын. Әлде менің меншігімді өз қалауымша жұмсауға еркім жоқ па? Яки оларға мырзалық жасағанымды көре алмайсың ба?” — дейді. Соңында Иса: “Осылайша соңғылар алдыңғы қатарға шығады, ал алдыңғы қатарлылар соңғылар болады!” — деп тағы да қайталады.
-
-
Жүзімдіктегі жұмысшыларТарихтағы ең ұлы адам
-
-
Көп кешікпей, бірінші болып жалданғандар Исаның шәкірттерінің ақы алғанын байқап, олардың бейнелі түрдегі күміс теңгелерін қалай қолданып жатқандығын көреді. Алайда бірінші болып жалданғандар киелі рухты және оны алуға байланысты Патшалық ісіндегі міндеттерден де көбірек алғысы келген. Олардың күңкілдеуі мен қарсылық білдірулері Исаның ізбасарларын, яғни жүзімдіктегі “соңғы” жұмысшыларды, қудалауларынан көрінеді.
Исаның бұл астарлы әңгімесі тек бірінші ғасырда ғана орындалды ма? Жоқ. ХХ ғасырда христиан әлемінің дінбасылары өздерінің жағдайлары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, Құдайдың бейнелі жүзімдігіндегі жұмысқа “алдыңғылар” болып жалданған болатын. Олар Күзет Мұнарасы Қоғамымен бірге қызмет ететін, Құдайдың адал уағыздаушыларын Құдайға қызмет етуге байланысты маңызды бір нәрсені тапсыруға болатындардың “соңғылары” деп есептеді. Алайда шын мәнінде күміс теңгені сол дінбасылары жек көретіндер алды: олар көктегі Құдай Патшалығының рухпен майланған өкілдері ретінде қызмет ету құрметіне ие болды. Матай 19:30—20:16.
-