-
ТүсіндірмеКиелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
Заманның ақыры.
Шайтан билеген осы дүниенің жойылуымен бітетін уақыт аралығы. Бұл уақыт Мәсіхтің “осында болуы” делінген кезеңге тура келеді. Мәсіхтің басшылығымен періштелер “зұлымдарды әділдерден ажыратып” алып, жойып жібереді (Мт 13:40—42, 49). Исаның шәкірттері аталмыш кезеңнің “аяқталып қалған” кезі жайлы білгісі келген (Мт 24:3). Иса көкке көтерілер алдында, сол кезеңнің ақырына дейін ізбасарларымен бірге болатынын уәде еткен (Мт 28:20).
-
-
ТүсіндірмеКиелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
Исаның осында болуы.
Грек жазбаларындағы кейбір мәнмәтінде бұл тіркес Иса Мәсіхтің Құдай Патшалығының патшасы ретінде таққа отырған кезінен бастап осы дүниенің “соңғы күндерінде” көрінбей билік етуіне нұсқайды. Исаның “осында болуы” деген тіркес келіп, бірден кетіп қалуды емес, ұзақ уақыт аралығын қамтиды (Мт 24:3).
-