-
“Сенің Патшалығың келсін!”Құдай Патшалығы билік етуде!
-
-
15, 16. “Осы ұрпақ” деген сөздер кімдерге нұсқайды?
15 Құдай Патшалығы қашан келеді? Иса оның нақты уақытын көрсеткен жоқ (Мат. 24:36). Бірақ ол Патшалықтың келетін кезі өте жақын екеніне сенімділік беретін сөздер айтты. Атап айтқанда, өзі айтқан белгінің орындалғанын “осы ұрпақ” көргенде, Патшалықтың келетініне нұсқады (Матай 24:32—34 оқыңыз). Бірақ “осы ұрпақ” деген кімдер? Бұны білу үшін Исаның сөздеріне зер салайық.
16 “Осы ұрпақ”. Иса сол заманда өмір сүрген барлық адамдар жайлы айтты ма? Жоқ. Бұл сөздерді оның кімдерге айтқанына назар аударайықшы. Ол бұл пайғамбарлықты “оңашада қасына келген” төрт елшісіне айтқан (Мат. 24:3). Көп ұзамай елшілер киелі рухпен майланбақ еді. Исаның сөздерінің мәнмәтінін де қарап көрейік. Ол “осы ұрпақ” жайлы айтпас бұрын былай деген: “Мысал ретінде інжір ағашына назар аударыңдар: оның жас бұтақтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда, жаздың жақындап қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер де осылардың бәрін көргенде, Адам Ұлының жақын, есік алдында, екенін біліңдер”. Байқасақ, барлық адамдар емес, тек Исаның майланған шәкірттері ғана пайғамбарлықтардың орындалғанын көріп, олардың мәнін, яғни Исаның “есік алдында екенін” түсінбек еді. Олай болса, Иса “осы ұрпақ” жайлы айтқанда, майланған шәкірттерін ойда тұтқан.
17. “Ұрпақ” және “бұлардың бәрі” деген сөздерді қалай түсінуге болады?
17 “Осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, бұлардың бәрі орындалады”. Бұл сөздер қалай жүзеге асады? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін “ұрпақ” және “бұлардың бәрі” деген сөздердің мағынасын түсініп алуымыз керек. “Ұрпақ” сөзі Киелі кітапта жиі белгілі бір уақыт аралығында өмір сүрген әртүрлі жастағы адамдарға қатысты қолданылады. Бір ұрпақ мәңгі жасай бермейді, күндердің күнінде өмірден өтіп таусылады (Мұс. 2-ж. 1:6 сілт.). Ал “бұлардың бәрі” деген сөздерге келер болсақ, бұл сөздер Иса “осында болатын” кезде, яғни 1914 жылдан бастап “зор алапаттың” шарықтау шегі келгенше, орын алатын Иса айтқан оқиғалардың бәріне нұсқайды (Мат. 24:21).
18, 19. Исаның “осы ұрпаққа” қатысты айтқан сөздерін қалай түсінуге болады және бұдан қандай қорытынды жасаймыз?
18 Олай болса, Исаның “осы ұрпаққа” қатысты айтқан сөздерін қалай түсінуге болады? “Ұрпақ” майланғандардың екі тобынан тұрады. Бірінші топқа Иса айтқан белгінің 1914 жылы орындала бастағанын көргендер жатады. Ал екінші топты сол кісілермен замандас болған майланған мәсіхшілер құрайды. Екінші топты құрайтындардың кейбірі зор алапаттың басталғанын көреді. Осы екі топ бір кездері замандас болғандықтан бір ұрпақты құрайдыc.
19 Бұдан шығатын қорытынды қандай? Біз Исаның Патша тағында отырғанының белгісін анық көрудеміз. “Осы ұрпақты” құрайтын майланғандардың жастары ұлғайып жатқанының да куәсіміз. Әйтсе де олардың зор алапат басталмайынша, өлмейтінін білеміз. Демек, Құдай Патшалығының келіп, жер бетіне билік ететін уақыты өте жақын! Сонда Исаның: “Сенің Патшалығың келсін!”— деген дұғасы жүзеге асады. Сол күнді өз көзімізбен көру көңіл толқытатын жайт емес пе?!
-