-
“Айтшы, бұл қашан болады?”Күзет мұнарасы, 2013 | 15 шілде
-
-
16. Тағы қай жазба орындарында Исаның келуі туралы айтылады?
16 Адал да ақылды құлға қатысты Иса: “Қожайыны қайтып келгенде, оның солай істеп жүргенін көрсе, сол құл бақытты!”— деді. Он қыз туралы астарлы әңгімесінде ол: “Олар май сатып алуға кеткенде, күйеу жігіт келеді”— деген. Күміс ақша туралы мысалында Иса: “Арада көп уақыт өткен соң қожайыны келіп, құлдарынан есеп беруді талап етеді”,— деп айтты. Сондай-ақ осы мысалда қожайын: “Қайтып келгенімде, өзімдікін өсімімен қайтарып алатын едім”,— дейді (Мат. 24:46; 25:10, 19, 27). Исаның келуі туралы осы төрт жазба орны қай уақытқа нұсқайды?
17. Матай 24:46-да айтылған Исаның келуі туралы бұрын не деген едік?
17 Бұрын біз әдебиеттерімізде осы соңғы төрт жазба орны Исаның 1918 жылғы келуіне нұсқайды деп жазғанбыз. Мысал үшін Исаның “адал да ақылды құлға” қатысты сөздерін алайық (Матай 24:45—47 оқы). Осы тараудың 46-тармағында айтылған қожайынның “келуі” Исаның 1918 жылы майланғандардың рухани күйін тексеруге келген уақытына нұсқайды деп есептейтінбіз, ал 1919 жылы Қожайын адал құлды бүкіл меншігіне қараушы етіп тағайындады деп санайтынбыз (Малх. 3:1). Алайда Исаның пайғамбарлығын тереңірек зерттей келе, біз бұл пайғамбарлықтың белгілі бір тұстарына қатысты түсінігімізді өзгертуіміз керектігіне көзіміз жетті. Неліктен?
18. Исаның пайғамбарлығын толықтай қарастырғанымыздың арқасында оның келуіне қатысты қандай тұжырымға келеміз?
18 Матай 24:46-ның алдындағы тармақтарда “келу” сөзі бірізділікпен Исаның зор алапат кезінде үкім шығарып, жүзеге асыратын уақытына нұсқайды (Мат. 24:30, 42, 44). Сондай-ақ 12-абзацта қарастырғанымыздай, Матай 25:31-дегі Адам Ұлының “келуі” де тура осы болашақтағы сот кезеңіне нұсқайды. Демек, Матай 24:46, 47-дегі Исаның адал құлды бүкіл меншігіне қараушы етіп тағайындау үшін келуі де оның болашақта зор алапат кезіндегі келуіне нұсқайды деп тұжырымдауға негіз барf. Иә, Исаның пайғамбарлығын толықтай қарастырудың нәтижесінде, оның келуіне қатысты сегіз жазба орнының бәрі де Исаның болашақта зор алапат кезінде соттауға келетін уақытына сілтейтіні анық болды.
-
-
“Айтшы, бұл қашан болады?”Күзет мұнарасы, 2013 | 15 шілде
-
-
e 15-абзац: Киелі кітапта “келу” және “қайтып келу” сөздері ерхомаи деген бір грек етістігінен аударылған.
f 18-абзац: Жоғарыда айтылып кеткендей, Матай 24:30, 42, 44-те “келе жатқанын”, “келетінін” және “келеді” деп аударылған грек сөзі де, Матай 24:46-дағы “қайтып келгенде” деп аударылған грек сөзі де бір грек етістігінің түрлері болып табылады.
-